Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Бердібек Сапарбаев Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесті

    226
    18 желтоқсан

    Кездесуге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бірге Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин және Кәсіподақтар федерациясның төрағасы Ералы Тоғжанов қатысты. Жиында сөз алған вице-премьер азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша Мемлекет басшысы тапсырмаларының жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ ол жаңаөзендіктерді мемлекеттік қолдау бағдарламаларын барынша пайдалануға, соның ішінде "Еңбек" бағдарламасына баса мән беруге шақырды.
    "Біздің ортақ мақсатымыз - қоғамдағы көкейтесті мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастырып, азаматтарымызды жұмыспен қамту, олардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Егер мамандығыңыз жоқ болса - "Еңбек" бағдарламасы аясында белгілі бір мамандықты игеріп, қайтарымсыз несие немесе жеңілдіктері қарастырылған микрокредит алуға болады. Ең бастысы, мамандығыңыз сәйкес келетін жұмысты көп күтіп, қол қусырып отырмау қажет", - деп атап өтті Б. Сапарбаев. Оның айтуынша, облыс әкімдігі мен "Атамекен" ҰКП бірлесе отырып Жаңаөзен қаласының еңбек нарығына талдау жасалып, 2 мыңнан аса жұмыссыздар саны анықталған.
    "Олардың әрқайсысына әлеуметтік портрет жасақталып, оларды жұмыспен қамту жолын, гранттар мен микрокредиттер бөлу, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, біліктілігін арттыру, жаңа кәсіпорындарға орналастыру мүмкіндіктерін қарастырудамыз", - деді. Жиында еркін форматта жалғасын тауып, жаңаөзендіктер өзекті деген өз сұрақтарын қойды.
    Тұрғындары тарапынан жұмыспен қамту, көшелердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстары, тозығы жеткен үйлердің көшірілуі, тұрғын-үй мәселесі, көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау орталығын ашу мәселелері сөз болды. Барлық сұрақтарға сәйкесінше жауаптары мен түсініктемелер берілді. Вице-премьер бастаған үкімет мүшелерінің жұмыс сапары ертең Ақтау қаласында жалғасады. Бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, білім, денсаулық сақтау саласының өкілдері және жастармен кездесу жоспарланған.

    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +