Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Әбіш Кекілбаевтың туған жерінде республикалық ақындар мүшайрасы өтті

    133
    12 қазан

    Есімі әлемге танылған жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы туған жерінде де кең көлемде аталып өтті. Мерекелік шараға 3 мың адам жиналды.
    Республиканың әр түкпірінен келген үзеңгілестері «Ай-Ана» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «Ай-Ана» мемориалды кешені ел тілеген аналардың құрметіне, Ұлы Отан соғысына аттанып оралмаған жарларын күткен әйелдердің символикалық бейнесі ретінде, Әбіштей дананы дүниеге әкелген Айсәуле анаға арнап тұрғызылған.

    Меймандар Әбіш Кекілбайұлы білім алған Онды орта мектебінде болып, білім ошағының тарихымен танысты. Арнайы ұйымдастырылған танымдық шараларды тамашалады. Аталмыш мектепте жыл сайын республикалық Әбіш оқулары байқаулары өткізіліп тұрады.

    Мерекелік шаралар аудан орталығы Шетпе ауылында жалғасты. Орталық алаңға «Әбіш ауылы» киіз үй қалашығы бой түзеді. Қаз-қатар 30 киіз үй тігіліп, үш мыңға жуық адам жиналды. Аудан тұрғындары мен қонақтар астан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

    Маңғыстау ауданында өткен мерекелік кеште Қазақстанның әр аймағынан жиналған сазгерлердің Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсыноваға арнап шығарған әндері шырқалды. 80 жылдыққа арналған мерей тойда Жамбыл облысынан «Фариза жан» әнінің авторы, ҚР мәдениет саласының үздігі Әбиірбек Тінәлі, Алматы қаласынан қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Әлқожа, Қызылорда облысынан композитор Жақсыгүл Бегманова, Ақтөбе облысына Марғұлан Құлмағанбетов және маңғыстаулық ақын-сазгерлер қатысты.

    Маңғыстау аудандық мәдениет үйінде Маңғыстау облыстық филармониясы әртістерінің қатысуымен көпшілік назарына «Мұнартау» атты концерттік бағдарлама ұсынылды. Шарада абыздың «Махамбет толғау», «Қаратау» «Құз басында құлжа тұр» сияқты өлеңдері мақам сазбен әдептеліп, жыр түрінде ұсынылды, арнайы жазылған әндер орындалды.

    Жазушының 80 жылдық мерейтойын мәдениет үйінде өткен жазба ақындар мүшайрасы қорытындылады. Елдің түкпір-түкпірінен келген шайырлар жиналғандарды абыз әлеміне қара сөзбен сапар шектіріп, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +