Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «ABISH ALEMI» І халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті

    134
    11 қазан

    Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға бағытталған алғашқы театр фестивалі 2016-жылы республикалық деңгейде өтсе, биыл 80 жылдық мерейтойы аясында «ABISH ALEMI» фестивалі халықаралық деңгейде шымылдығын түрді. Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, республикамыздың Мәдениет және спорт министрлігі және ТҮPКСОЙ-дың қолдауымен басталған фестиваль өзге елдермен мәдени-рухани байланысты нығайтудағы алтын көпір іспеттес. Әлемнің жеті елінен келген кәсіби және музыкалық драма театр әртістері Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин театры сахнасында өзара сынға түспек.
    Мерекелік шараға Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан келген жазушының әріптестері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ізбасарлары мен жанұясы қатысты.

    Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ә.Кекілбаевтың әдеби-рухани мұрасына құрмет көрсетіп келген жандарды фестивальдың ашылу салтанатымен құттықтады. «Халықаралық дәрежеде алғаш өткізілгелі отырған "ӘБІШ ӘЛЕМІ" театр фестивалі болашақта екі жылда бір өтетін дәстүрлі мәдени форумға айналып, жазушының өміршең әдеби туындыларын әлем сахналары арқылы дәріптеп, насихаттауға қызмет ететін болады»,-деді Серікбай Трұмов.

    «ABISH ALEMI» бірінші халықаралық театр фестиваліне қатысуға ниет білдірген театр ұжымдарының қойылымын, қазылар алқасының беделді мүшелері Асанәлі Әшімов, «Алтын қалам» сыйлығының лауреаты Исрафил Исрафилов, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссері - Сердеш Қажымұратов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі – Еркін Жуасбек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Нұркен Өтеуіл, Қазқстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Әділ Ахметов, Маңғыстау облысының «Жыл адамы – 2016» номинациясының иегері Медғат Өмірәлиев сараптайтын болады.

    «ABISH ALEMI» Бірінші халықаралық театр фестиваліне бірнеше театр ұжымы қатыспақ. Олар:
    1) Армениядан Абельян Ванадзор мемлекеттік драма театры;
    2) Грузиядан Тбилисидің Мемлекеттік Азербайджан театры;
    3) Ираннан Биле Савар Барбод театры;
    4) Өзбекстаннан Хорезм театры;
    5) Тәжікстан К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры;
    6) Түркияның Мемлекеттік театры;
    7) Түркменістан мемлекеттік театры;

    Сондай – ақ Қазақстаннан М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин атындағы драма театры қатысып, өнер көрсетеді.

    Халықаралық театрлар фестивалінде Маңғыстау драма театры Әбіш Кекілбаевтың «Бір шөкім бұлт» шығармасымен «Күй» повесін сахналайды. Күй повесінде рөлді сомдаушылардың басым бөлігі ер адамдар, ал моно спектакльді бір әйел және ер адам сомдамақ.

    Жүзіп өте алмайтын мұхиттай, жүріп өте алмайтын шексіз ұлы даладай, асу бермейтін биік шыңдай, алынбайтын қамалдай Әбіш Кекілбаев әлеміне ену оңайға түспесі анық. Тарих құрсағынан заты қазақтың пейілінен әулие боп жаралған тұлға, дана билерді еске салатын терең жазушыны ашқан сайын жаңа қырынан танып, қажеттілігі артып, қадірі өсе түсері сөзсіз.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +