Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда әдебиет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі өтті

    86
    11 қазан

    Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Халық жазушысы, ҚР Еңбек Ері Ә.Кекілбайұлының 80-жылдығына арналған әдебиет және өнер қайраткерлерінің Халықаралық конгресі өтті. Маңғыстау облысының әкімдігі мен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті мұрындық болғаншарағаәлемнің әр түкпірінен келген әдебиеттану, тіл білімі, тарих, философия, педагогика, психология, әлеуметтану, саясаттану секілді гуманитарлық сала мамандары, мемлекет және қоғам қайраткерлері мен ғалым-зерттеушілер қатысты.

    Алғашқы болып сөз алған ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Ә. Кекілбаевтың ғарыштық ойлау жүйесінің, дариядай шексіз білімді болуының, есте сақтау қабілетінің кереметтік құпиясын ашу үшін бүгінгі күннің қарымды зерттеушілері жабыла кірісу керек екенін айтты.

    «Шекспирдің шеберлігі мен тереңдігіне бойлаймыз деп ол туралы әлемде әр түрлі тілде 15 мың, кейбір деректерде 25 мыңнан астам көлемді зерттеулер жазылған екен. Оның ішінде тек тіл мамандары ғана емес, оның ішінде психолог та, дәрігер де, саясаткер де, тарихшы да, суретші де, саяхатшы да, музыкант та, геолог та, агроном да, тіпті мал дәрігері мен тіс дәрігері де бар көрінеді. Әбіш әлемінің лингвистикалық-географиялық-жаратылыстанушылық-адамтанушылық-сихологиялық картасын толыққанды сызып шығу үшін де осындай деңгейдегі зерттеу жұмыстары керек. Оның дарынын бір ғана филологиялық өлшемдермен өлшеуге келмейді. Оның бір өзі әлемдік университет сияқты болған адам. Мұндай дарындар адамзаттың тарихында сирек кездеседі»,-деді Б.Сапарбаев.

    Халықаралық Конгреске жиналған қоғам қайраткерлері, журналист, жазушылар болса«Ә.Кекілбаев және қазіргі қазақ әдебиеті»тақырыптарында баяндама жасады.
    Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар», – деген болатын. Шынында да, әрбір адам үшін туған жері қаншалықты қымбат болса, сол өлкенің тарихы, оны түлеткен перзенттерінің өмір жолы мен еңбектері де ерекше өнеге.

    ХХ ғасырдың 60 жылдары әдебиетке келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы қазақ руханиятына, әдебиеті мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ерен еңбек сіңірген мемлекет және қоғам қайраткері, академик-жазушы Әбіш Кекілбаевтың бай әдеби мұрасы да – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің алтын қорына қосылған қазына. Осы орайда талантты ақын-жазушылардың шығармашылығын зерделеп, олардың идеялық-көркемдік мәнін ашу, жас ұрпақ тәрбиесіне пайдалану, суреткердің әлемдік әдебиеттегі орнын айқындап, халқымыздың рухани-мәдени кемелденуіндегі орнын пайымдау – игі істер болмақ.

    Шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, ерекше талантымен дүниежүзі ғалымдары мен талғампаз оқырмандарының құрметіне бөленген, халқымыздың рухани өміріне өзінің құнды шығармаларымен із қалдырған сөз зергерінің әдеби мұрасы көптеген ғалымдардың тарапынан түрлі гуманитарлық ғылымдар салалары бойынша зерттелуде. Жазушының әдеби-көркем және танымдық-публицистикалық еңбектерін жан-жақты зерделеп, тақырыптық-идеялық сипатын, көркемдік ерекшеліктері мен концептуалдық маңызын саралау арқылы ұлттық сөз өнерін дамытудағы ролі мен әлемдік ой-сана дамуына қосқан үлесін пайымдау маңызды болмақ.

    76 жасында өмірден өткен Әбіш Кекілбаевтың артында өшпес мұра болып қалған «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» тарихи романдары мен «Күй», «Шыңырау», «Ханша дария хикаясы», «Құс қанаты» және тағы басқа әдеби шығармалары бар. Енді Әбіш Кекілбаевтың жаңа, өзінен кейінгі ғұмырын жастардың арасында, жалпы мәдениет және өнер қайтаркерлерінің арасында дәріптеудің жаңа ғұмыры басталды десек болғандай. Абыз жазушы өмірден өтсе де, оның артында қалған мол мұрасы еш уақытта өшпек емес. Осы тұрғыда Маңғыстаудан бастау алған шаралар легі 6 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында жалғаспақ.

    Конгресс аясында бірнеше шара өтті. Пленарлық мәжіліс және 5 секция жұмысы.
    1-секция. Әлемдік әдеби кеңістіктегі Ә.Кекілбаев феномені
    2-секция. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тілдік таным
    3-секция. Ә.Кекілбаевтың саяси-әлеуметтік қызметі Тәуелсіздік контексінде
    4-секция. Ә.Кекілбаев және Қазақ тарихының мәселелері
    5-секция. Ә.Кекілбаев танымындағы Адам және Жаратылыс концепциясы
    Пленарлық мәжілістің мақсаты – Ә.Кекілбаев шығармашылығының әлемдік көркем кеңістіктегі орны мен оның адамзаттың рухани дамуына өзіндік ықпалын Адамтану және Жаратылыс концепциясы контексінде зерделеу, оныәлемдік ғылыми айналымға енгізудің тетіктерін талдап, талқылау.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +