Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Өңір басшысы жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

    327
    06 қазан

    Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов облыстық кәсіпкерлер палатасында бизнес өкілдерімен кездесті. Өңірлік кеңес мүшелері басқосуда өзекті мәселелерді ортаға салып, олардың шешу жолдарын ұсынды.

    Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрбек Қарасаев елді мекендерде скрининг жүргізу аудан әкімдерінің қатысуымен белсенді жүріп жатқанын баяндады. Сонан соң кәсіпкерлерге жер, ондағы коммуникация жайы көрсетілген ақпаратты жария түрде алуда қиындықтар туындағанын жеткізді. Мұннан бөлек кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жағын көтерді. Мамандыққа даярлау саласын да кәсіпкерлер палатасы сенімгерлікпен басқаруға дайын екенін атап өтті. «Облыстағы 16 колледжінің жетеуі сенімгерлікпен басқаруға болатындығы жөнінде білім басқармасымен бірлесіп талдау жүргіздік. Бұл мемлекет шығынын үнемдеуге көп көмегін тигізеді»,- деді ол.

    Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов: «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын қаржыландыру жағын қарастырамыз. Кәсіпкерлер мәселесін бірлесіп шешуге дайынбыз. Колледжлерде мамандық дайындауға келер болсақ, жұмыссыздықты азайту жағынан септігін тигізсе, сұранысқа ие мамандарды қайта даярлауға серпін берсе бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Сондықтан да ұсыныстарыңызды қолдаймыз»,- деді.

    Сонан соң облысқа белгілі кәсіпкерлер сөз алып, шешімін таппаған жайттарды ортаға салды. МО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова салт-дәстүрдің қаймағы бұзылмаған Маңғыстауда қолөнершілер орталығын ашу туралы ұсыныс айтты. Сонда маңғыстаулық бай нақышпен жасалатын қолөнер бұйымдары бір орталықта жасалып, өнімдер саудаға да шығарылмақ. «Облыста киіз үй жабдығын тігетін алдыңғы буыннан 4 қана шебер қалды. Олардың жасы 60-тан асып барады. Солардың білетін мол мұрасын, киіз басу, басқұр, ши тоқу т.б.бұймдарды жасауды жастарға үйрететін шеберлік мектебі ашылса. Сонда шеберлердің әрқайсысы мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, Маңғыстау мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ізбасарлар толқыны үзілмес еді»,- деп ой тастыды.

    Кездесу барысында кәсіпкерлер жер, құрылыс, туризм саласын дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін жетілдіру, жергілікті өнімді тұтыну сынды маңызды мәселелерді қозғады. Облыс басшысы қашан да өңір дамуы үшін тиімді жобаларды қолдауға дайын екенін қадап айтты.

    Бұл қолдау облыста қызмет ететін 114 мыңнан астам адам орта және шағын бизнес саласы өкілдеріне үлкен серпін береді. Өңірдегі бизнес нысандары 53 мыңға жетіп қалды. Бұл кәсіпкерлер қатарының өткен жылмен салыстырғанда 9,5% артқанын көрсетеді.

    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +