Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    403
    02 қазан

    Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен бірқатар қоғамдық мәселелер талқыланды. Алдымен облыс әкімі аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде баяндады.

    Өңір экономикасының дамуы соңғы 3 жылда 3,7%-ға өскен. Ішкі өңірлік өнім көлемі - 661 млрд.теңге, нақты көлем индексі 97%-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 110 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 10 млрд.теңгені, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,1%-ға артып 54 мың бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімі - 1,9 трлн. теңге, тау-кен өндірісі - 1,7 трлн. теңге, мұнай өндіру - 11,9 млн.тонна, табиғи газ өндіру - 2 млрд.текше метр, инвестиция көлемі – 292 млрд. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 84 млрд. теңгені құрады.

    Өңірде "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 160 тұрғынның құжаттары қаралып, өтініштері қолдау тапқан. Жыл соңына дейін тағы да 60 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында жалпы ауданы 17 мың шаршы метр болатын 272 пәтерлік 34 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлердің ішінен биыл 256 үй тапсырылады. Сонымен қатар, осы жылдың бюджетінде көпбалалы отбасылар үшін Ақтау қаласынан 205 пәтер сатып алуға қаржы бөлінді.

    Аймақтың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «Каспий» су тұщыту зауытының тәуліктік қуатын 20 мың текше метрден 40 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, инвесторлармен және өңірдің мұнай өндіруші компанияларымен бірлесе отырып «Кендірлі» аймағында (50 мың текше метр), Құрық ауылында (45 мың текше метр) және «Қаражанбас» кенорнында (17 мың текше метр), барлығы 112 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауыттарын салу қарастырылуда. Жобалар іске асырылған жағдайда су өндіру көлемі 130 мың текше метрге дейін жеткізіледі.

    Сонымен қатар, кеңес кезінде Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қала халқының тығыз орналасуына байланысты оларды Ақтау қаласына көшіруге шешім қабылданып, бүгінгі таңда 388 отбасы көшіріледі деп жоспарлануда. Бұл тұрғындардың барлығының ағымдағы статусына талдау жүргізілді. Енді жаңа Жоспарға сәйкес 2020-2024 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы тұрғындарын Ақтауға көшіру үшін 10 000 пәтер салу қарастырылды. Бұл үйлер құрылысы Ақтау қаласындағы жаңа 13 шағынаудандарда жүргізілетін болады.

    - Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстар одан әрі де жалғаса беретін болады. Жергілікті атқарушы орган ретінде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарға уақытылы ден қою, қажетті шешімдерді жедел қабылдау, өңірімізде экономикалық және саяси тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру жолында үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да институттармен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз, - деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Трұмов.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +