Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Аппарат жиыны өтті

    110
    05 тамыз

    Бүгін облыстық әкімдікте кезекті аппарат жиналысы өтті. Күн тәртібінде талқыланған алғашқы мәселе «Бақытты отбасы» бағдарламасының іске асырылуы болды. Облыс көлемінде «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатыса алатын 5366 адам кезекте тұр. Шілденің 17-сі күні басталған жаңа бағдарламаға: көп балалы отбасы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа толмаған бала асыраушы отбасылар қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша берілетін пәтер қала және аудандарға келесідей деңгейде бөлінді: Ақтау қаласы 94 пәтер; Жаңаөзен қаласы 40 пәтер; Мұнайлы ауданы 30 пәтер; Түпқараған ауданы 8 пәтер; Маңғыстау ауданы 4 пәтер; Қарақия ауданы 14 пәтер; Бейнеу ауданы 10 пәтер.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Ақтау қаласында 32 жер учаскесінде 82 тұрғын үй құрылысы салынуда. Жылдың соңына дейін 18 тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға береді деп күтілуде. Ол 3352 пәтерді құрайды.

    Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе атаулы әлеуметтік көмек көрсету және жұмыспен қамту туралы. Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша 7 406 отбасындағы 43 029 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, жыл басынан бері 2,7 млрд теңге көмек төленген. Оның ішінде шілде айында 40 340 адамға 790,1 млн. теңге көмек берілді.

    Сондай-ақ, жиын барысында жазғы маусым кезіндегі суға шомылу және өңірдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан іс-шаралар талқыланды.

    Талдау көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері әлі де тыйым салынған немесе жабдықталмаған жерлерде суға шомылу болып қалып отыр. Айта кетсек, Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №19/236 шешімімен суға түсуге тыйым салынған учаскелері айқындалды, олар: 4 шағын аудан Каспиан Ривьера қонақ үйінен 5 ш/а Филармонияға дейін және «Шора» су каналы.

    Ағымдағы жылы, жоғарыда көрсетілген мәслихаттың шешіміне шомылуға тыйым салынған аймақтары 5 учаскеге ұлғайды. Олар: 1) 43 шақырым; 2) «Голубая бухта» 64 шақырым; 3) «Саура» 82 шақырым; 4) «Тамшалы» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 30 шақырым; 5) «Сарытас» Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 51 шақырым.

    Күн сайын Департаменттің Жедел құтқару жасағының күшімен патрульдеу және жағалаудағы жаппай демалыс орындарына профилактикалық рейдтер жүргізіледі.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +