Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Ақтау қаласының Мамандандырылған ХҚО аумағында,
автокөлік базарлары, автокөлік сататын дүкендер және адамдар көп жиналатын орындарда «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өтті. Шара барысында Egov.kz жаңа
мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар Маңғыстаулықтарға Mgov.kz,
телеграмдағы EgovKzBot туралы нұсқаулық буклеттер таратылды. Қызығушылық білдірген
азаматтарға ЭЦҚ-ны қалай рәсімдеуге болатыны, мобильдік үкіметте тіркелу,
сондай-ақ айыппұл мен салықтарды онлайн түрде қалай төлеу керектігі көрсетілді. Автокөлік
иелеріне жүргізуші куәліктерін ауыстыру және көлік құралдарын тіркеу
мемлекеттік қызметтерін портал арқылы алу жолдары түсіндірілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Бағила Жарланова акцияның мақсаты – мобильдік қосымшалар мен электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін халыққа насихаттау екенін атап өтті. «Халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді еш кедергісіз қолдануы өте маңызды. Цифрлі жүйенің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білсе, бұл азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, бөлім қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Азаматтар тelegram-дағы EgovKzBot-тың тұрақты қолданушысы болу үшін тек бір рет мобильдік азаматтар базасында тіркелуі қажет. Мұны egov.kz электрондық үкімет порталының жеке кабинетінде немесе ХҚО-да жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ азаматтар автокөлікті қайта рәсімдеп, мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, жүргізуші куәлігін ала алады.», – дейді Бағила Жарланова.
Айта кетейік, жыл басынан бері мобильдік азаматтар базасында 454900 астам Маңғыстаулықтар тіркелген. Сонымен қатар жыл басынан бері 1400-ден астам жүргізуші куәлігі беріліп, 944 мың автокөлік тіркелді.
Жүргізуші куәлігін қалай онлайн ауыстыруға болады?Егер жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталуға таяу болса, оны
онлайн egov.kz электронды порталы арқылы ауыстырыңыз! Ол үшін:
- Egov.kz порталынан көлік және коммуникациялар бөліміне
өтіңіз;
- Жүргізуші кәулігін алу қызметін таңдаңыз;
- Порталда авторланып, «Қызметті онлайн алу» батырмасын басыңыз;
- Өтінішті толтырып, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қойыңыз;
- Өтінімге jpeg форматындағы фотосурет пен қолтаңбаңыздың үлгісі бар парақтың
скан көшірмесін қоса тіркеңіз;
- Баж төлеу барысында мамандандырылған ХҚО орналасқан ауданға қарасты салық
басқармасын таңдаңыз;
- Тиісті баж салығын төлеп, электронды чекті басып шығарыңыз.
Құжатыңыз дайын болған сәтте ХҚО-ға келіп келесі құжаттарды
ұсынасыз:
- жеке басты куәландыратын құжат;
- басып шығарылған электронды өтініш;
- ескі жүргізуші куәлігі;
- мемлекеттік баж төлеу туралы басып шығарылған электронды чек.
Анықтама үшін: 2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша 1393 жүргізуші куәлігі онлайн түрде алынған.