Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қала әкімі М.Ибағаровтың халық алдындағы есеп беру кездесуі

    165
    28 қаңтар

    Жаңаөзеннің жаңа келбеті

    Бүгін аймақ басшысы Серікбай Трұмов Жаңаөзен қаласы әкімінің жылдық есебіне қатысып, тұрғындармен кездесті. Жиын барысында қала әкімі Мақсат Ибағаров қаладағы қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық жұмыстар жайында баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті.  Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық макрокөрсеткіштерінің оң динамикасы қамтамасыз етілген. «ӨзенМұнайГаз» мекемесі  барлығы 5 579,1 мың тонна шикі мұнай өндірген. (2018ж.–5480,4 мың тонна), өткен жылмен салыстырғанда 98,7 мың тоннаға немесе 1,8%-ға өсті. Сондай-ақ, 708,7 млн.текше метрге газ өндірілді (2018ж.–629,3млн.текше метр), былтырғы жылмен салыстырғанда 79,4 млн.текше метр артық өндірілді. Қазіргі таңда Жаңаөзен халқының саны 153,7  мың адам. Оның 81,4 мыңы қалада болса, ауыл халқы– 72,3 мыңды құрайды.

    Жаңаөзен қаласы бойынша ең өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық. Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 11 060 адам хабарласып, олардың 6541-і жұмысқа орналастырылған. Оның ішінде 4596 адам тұрақты жұмысқа,  1443 адам қоғамдық жұмыстарға , 230 адам әлеуметтік жұмыс орындарына  272 адам жастар тәжірибесіне бойынша. Бұл өткен жылға қарағанда 1169 орынға көбейген. Ал 2020 жылы 4725 жұмыс орны құрылады жоспарланып отыр. «Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен «Өзенинвест» МКК-да штат бірлігін ұлғайту арқылы қосымша 350 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінің негізгі бағыты - қаланы абаттандыру, спорт, балалар ойын алаңдары мен саябақтарын абаттандыру мен күтіп ұстау»,- деді Мақсат Ибағаров. 

    Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 144 адам жолданып , соның 115 адамы оқуларын аяқтап, 78 адам тұрақты жұмысқа орналасты.  Сондай-ақ «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 680 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификаттарын алды. 150 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, 17 адамға несие берілді.  «Нұр-капитал» бағдарламасы аясында 1,4 млрд.теңгені құрайтын 70 жоба мақұлданып, 608 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Соның ішінде 860,0 млн.теңгені құрайтын 39 жоба қаржыландырылып, 9 жоба іске асырылмақ.

    «Кешенді жоспар аясында  Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтарын Ақтау қаласына көшіру мақсатында Республикалық бюджеттен - 2,9 млрд.теңге және «Өзенмұнайгаз» АҚ-нан – 1,0 млрд.теңге бөлініп, 394 отбасы (1500 адам) баспанамен қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда 338 пәтер сатып алынып, көшуге ниет білдірген тұрғындар комиссия шешімінің оң қорытындыларын алып, келісім-шартқа отыру жұмыстары жалғасуда. Соның ішінде 70 отбасы пәтерлерін алды. Ағымдағы жылы қосымша 150-200 пәтер сатып алу жоспарланған. Қызылсай ауылында өрт салдарынан үйсіз қалған 6 отбасыны баспанамен қамту бойынша әкімдік тарапынан жұмыстар ұйымдастырылуда. 

    Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында  қалаiшiлік және Рахат, Ақсу, Мерей шағынаудандарының автомобиль жолдарын салуға 751,7 млн.теңге жұмсалып, барлығы 18,4 шақырым асфальт төселді. Ал ауыз су мәселесін шешу мақсатында Кендірлі аумағынан тәулігіне 50 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл бағытта Жаңаөзен қаласы әкімдігі, «Өзенмұнайгаз» АҚ және ҚазНИПИ мекемесімен 3 жақты меморандумға қол қойылды. Зауыт құрылысы аяқталғаннан кейін, қаланың ауыз суға деген қажеттілігі толықтай жойылатын болады.

    Қала басшысы Мақсат Ибағаров денсаулық саласы бойынша да сөз қозғады. Жақында қалалық көпбейінді аурухананың жанынан «кардио орталық» ашылып, 15 адамға коронография операциясы жасалған.

    Сонымен қатар «Самұрық-Қазына Траст» АҚ қолдауымен  3 реанимобиль автокөлік және  «Алға» мүгедектер клубына спортпен айналысуға арналған құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген.  Бұндай оң өзгеріс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Мәселен, 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.  Ал Қызылсай ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның құрылысы 2020 жылы басталады. Тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік, Рахат ауылына кіреберіс көшесінің асфальт жолына күрделі жөндеу, эндокринолог, невропатолог сынды дәрігерлер жетіспеушілігі, шағын аудандарға балалар ойын алаңшаларын салу сынды мәселелер қозғалды. 

    Жиын соңында облыс әкімі сөз алып, Мақсат Ибағаровқа бір қатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, жұмыссыздықты азайту, шағын және орта кәсіпкерлерді дамыту, қала ішіндегі кәсіпкерлік бағытқа ыңғайланған жерлерді аукционға шығару. Сонымен қатар, денсаулық саласындағы маман тапшылығын реттеу, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді жаңарту, ауыз су мәселесін шешуді тапсырды.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +