Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

    194
    01 мамыр

    Маңғыстау облысында 1 мамыр – Бірлік күні кең ауқымда аталып өтті. Мерекелік шара 5000 адамнан тұратын еңбек ұжымдарының шеруінен басталды. Ел бірлігін нағайтуға бағытталған шеруге әр саланың қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, ұлттық-мәдени бірлестік мүшелері, жастар, мұнайшылар, энергетиктер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, дәрігерлер мен мұғалімдер, шағын және орта бизнес субьектілері, қаржыгерлер, спортшылар мен өнерпаздар атсалысты. Қолдарына ынтымақ пен берекені ұлықтайтын қанатты сөздер жазылған транспаранттар мен жалаушалар бар қызметкер, түрлі-түсті шарлармен безендірілген арнайы техникалар мерекелік шеруді көркейте түсті. 

    Шеру аяқталысымен Бас сахна-амфитеатрда «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты өлке шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертіне ұласты. Концертпен қатар алаңның басқа бөлітерінде түрлі спорттық шаралар, ұлттық тағамдар мен қолданбалы қолөнер бұйымдарының көрмесі, қала кәсіпкерлерінің мерекелік жәрмеңкесі жүріп жатты.

    Аталған шараға Маңғыстау облысының әкімі тұрғындарды бірлік күнімен құттықтады.

    «Бұл күн бірлік, татулық күні, әрқайсысымыз үшін ерекше қымбат мейрам. 1 мамыр – біздің миллиондаған отандастарымыздың жүрегінен айрықша орын тапқан, рухани дәстүрге айналған айтулы күн. Елдігіміз бен егемендігіміздің діңгегі, татулығымыз бен достығымыздың ұйытқысы,  Отанымыздың тірегі болып отырған осы – бірлік пен ынтымақ, ағайын! Бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің тірегіміз - Тәуелсіздік, тілегіміз - Тұрақтылық, білегіміз - Бірлік!», -деген болатын. Расымен де, тәуелсіздік, тұрақтылық пен бірліктен асқан құндылық жоқ.

    Біздің көпұлтты еліміз бен көпэтносты қоғамымызды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы аясында жұмылдыруда, туған жерге деген патриотизм, сенім, достық құндылықтарының орнығуында Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының маңызы зор.

    Ассамблея – Тәуелсіздіктің жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен көріне білді. Оның тарихында біздің ұлттың өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тауып келеді», - деді облыс әкімі.

    Сөз соңында өңір басшысы айтулы күнде маңғыстаулықтар мен қала қонақтарына дендеріне саулық, отбасыларына бақыт және мерекелік көңіл күй тіледі.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +