Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • ХАБАРЛАНДЫРУ

    167
    29 қараша

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Барлық конкурс қатысушыларына арналған

    ортақ біліктілік талаптар

     

    E-R-4 санаты үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. 

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    Санаты

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    Е-R-4

    195 895

    255 514

    Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: K.turtkulova@mangystau.gov.kz, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

    1.  «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ бас маман,Е-R-4, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Мектепшілік қайырымдылық акцияларды өткізуінің есебін алу. Кәмелет жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына құжаттар ұсынады.

      Мектеп жасындағы жетім, жартылай жетім, мүжәлсіз балалардың есебін алады, олардың құқытарының қорғалуын қамтамасыз етеді.

    Бала асырап алу мәселелеріне жауапты. Балаларын дұрыс тәрбиелей алмаған ата-аналарды тиісті орындарға жіберіп, ата-ана құқығынан айыру үшін жұмыстану. Қайрымдылық шыршаларға баратын оқушыларды ұйымдастыру оны уақытында алуына бақылау жасау.

    Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасында келіспеушіліктерді шешу жұмыстарын жүргізеді.

    Баспанасыз, бағусыз қалған балаларды «Бөпектер»үйіне, «Балалар үйіне» жіберуге жұмыстанады.

    Мемлекеттік қызмет  көрсету. Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға  мұра рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функциялардың жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын береді,баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге береді,патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға  ақшалай қаражат төлеуді тағайындайды.

    Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасыларындағы, сондай ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделердің кез-келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда) білдіреді.

    Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда ауданның, жергілікті атқарушы органның актісі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін бала ата-аналарынан немесе өзге адамдардан дереу айырып алуды жүзеге асырады. Баланы қабылдайтын ата-аналардан алты айда кемінде бір рет, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулық жағдайы туралы, оларды тәрбиелеу жөнінде жұмыс туралы есепті, сондай-ақ жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қабылдаушы отбасына берілген балаларды күтіп – бағуға бөлінген ақшалай қаражатты жұмсау туралы, олардың мүлікті басқару жөніндегі есепті талап етеді.

    Асырап алудың бала мұддесіне сәйкестігі туралы қорытындыны сотқа ұсынады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      Білім мамандықтары; Гуманитарлық ғылымдар (тарих, филология); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, әлеуметтану); Құқық (құқықтану).

      Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Білім беру мамандықтары; Құқық (құқықтану); Қызмет көрсету, экономика және басқару (әлеуметтік жұмыс).

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты»ММ және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

    Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін

    тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген

    жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     

      Шағым жасау тәртібі:

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

      Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

     

    Мені_________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________
    ___________________________________________________________________________

    ________   ____________________________________
      (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    «___»_______________ 20 __ ж.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +