Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • ХАБАРЛАНДЫРУ

    127
    29 қараша

    Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының

    арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға

    Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Барлық конкурс қатысушыларына арналған

    ортақ біліктілік талаптар

    E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім;

     мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

    Санаты

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    Е-R-1

    354 695

    462 644

    Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: K.turtkulova@mangystau.gov.kz,Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарының арасындабос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

    1. «Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы,Е-R-1, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жалпы басшылығын жүзеге асыру, спорт мәселелері бойынша нұсқаушы органдардың шешімдерін орындауды ұйымдастыру. Бөлімнің  іс-шаралар жоспарларын бекіту, бөлімнің жұмысын жоспар бойынша  ұйымдастыру. Спорт қызметі саласында мақсатты даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысу. Заңдарға, жекеленген жағдайларға және жоғарғы тұрған мемлекеттік орган бекітетін лауазымдардың номенклатурасына сәйкес мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Бөлім қызметкерлерінің арасындағы міндеттерді бөліп, оны уақытында және сапалы орындалуына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің, облыс, қала әкімдерінің акттері мен тапсырмаларының орындалысына бақылау жасайды. Әкім аппаратының басқа бөлімдерімен, дербес атқарушы органдармен, қалалық  Мәслихат аппаратымен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Бөлімге жетекшілік ететін қала әкімі орынбасарының қызметтік кездесулері мен жиналыстарын ұйымдастыруға, қала Мәслихаты мен әкімдігіне ұсынылатын құжаттарды дайындалуына бақылау жасайды. Жастарды салауатты өмір салтына баулиды және оларды тәрбиелейді. Спорт саласындағы қызметтерді үйлестіреді. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық жарыстарға жіберу, қалалық іс-шаралар жоспарының өткізілуін  ұйымдастырады. Бөліммен әзірленетін  қаулылардың, шешімдердің, өкімдердің уақытында және сапалы дайындалуына, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізлуіне, бұқаралық ақпараттық құралдарына ресми жариялауына, интернет-ресурстарына орналастыруына дербес жауап береді. Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру және тексеру. Азаматтарды қабылдауды жүргізу. Мекеменің бюджетінің орындалуын және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді. Мекеменің жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау және бекітуге ұсынуды қадағалайды.

     

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      Білім (дене шынықтыру және спорт);

      Құқық мамандықтары (құқықтану);

      Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (қаржы, есеп және аудит, экономика).

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты»ММ және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ кандидаттарды әңгімелесуге  жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

    Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

    Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін

    тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген

    жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     

      Шағым жасау тәртібі:

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

      Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

     

    Мені__________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________
    _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ____________________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________
    ____________________________________________________________________________________

    ________   ____________________________________
      (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    «___»_______________ 20 __ ж.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +