Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Жаңаөзенде көп балалы аналар өз кәсібін ашты

    290
    28 наурыз

    Маңғыстау облысында әлеуметтік жағдайы күнкөріс деңгейі өте төмен, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында бастау алған «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» жобасы алғашқы нәтижелерін беруде. 
    Облысымыздағы тұрмыс деңгейі төмен аз қамтылған отбасылардың жеке кәсіптерін ашуына мүмкіндік туғызып, қажетті құрал жабдықтар мен керекті ақпараттар бере отырып әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздеген ізгі жоба жетекшісі белгілі кәсіпкер Айжани Нұрланова ең алдымен бұл шараның Маңғыстау облысы әкімі Е. Тоғжанов пен осы өңірдегі ірі компаниялардан  қолдау тапқандығын айтты.
    Қазіргі таңда, аталған жоба барысында облыс бойынша 50-ден астам отбасы өз жеке кәсібінің иесі болып, күн көріс деңгейі жақсарды. Әлі де Жаңаөзен қаласындағы 100 отбасыға қолдау көрсетілмекші.  Бұл орайда, ең алдымен ниет білдіруші аналардың ой-пікірлері, ұсыныстары тыңдалып, соған сәйкес бағыттар беріледі. Жеке кәсібін дөңгелетуге  қажетті барлық құрал-саймандар, материалдар, заманауи техникалар алынып беріліп қана қоймай, өнімдерін брендке айналдыру мақсатында әр қайсысына жеке белгілері (логотиптері) жасалды, қаладағы ірі ойын-сауық орындарынан сауда нүктелері берілді. 
    Он жылдан бері тігіншілікпен айналысып, көптен бері жеке кәсібін арман еткен аналардың бірі Анапия Игибаева: «Жолдасым екеуміз облыс әкімінің қабылдауында болып, мұнай саласынан жұмыс сұрап барғанбыз, бірақ Е. Тоғжанов жеке кәсіп ашуға мүмкіншілік бар екенін айтып, Айжани деген қызбен таныстырды. Басында бізде сенімсіздік болды. Ешкімнің қолына қарамай, өз кәсібімізді бастап бір жетістікке жетсек екен деген арманымыз осы жобаның арқасында орындалып отыр. Бүгінде, міне  өздеріңіз көріп отырғандай, Алланың қалауымен және «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» жобасының арқасында жеке кәсіпкермін. Енді шағын тігін шеберханам бар, ол замануи тігін машиналармен жабдықталған. Енді тек ерінбей еңбек ету ғана қалып тұр», - деп қуаныштың көз жасын тоқтата алмады.
    Жоба ұйымдастырушыларына алғыс айтушы келесі ана Теңге ауылынында тұратын Альшора Гүлсім. Екі мүгедек бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана, аталмыш жоба аясында  «Zere» белгісімен халыққа әр түрлі үй пісірмелерін ұсынатын болды. Жеке кәсіпкерге кәсібіне қажетті барлық керек жарақтары алынып берілді.
    «Осыдан он шақты күн бұрын облыс әкімі Е.Тоғжановтың қолынан 1 бөлмелі пәтердің кілтін алсақ, енді өз жеке кәсібімді ашып, одан әрі дамытуға тамаша мүмкіндік беріліп тұр. Мен ешқашанда өзімнің жеке брендім болады деп ойлаған емеспін. Тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларды назардан тыс қалдырмай, жан-жақты қолдау көрсетіп жүрген азамат-азаматшаларға Алғыстан басқа айтарым жоқ. Жасаған жақсылықтары Алладан қайтсын!»,-деген аналық ақ тілегін жеткізді.
    Жоба жетекшісі А. Нурланованың айтуынша: «Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII съезінде жүктелген, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарды, әсіресе, көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын кеңейту бағытында көптеген тапсырмалар берілді. –«Біздің «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» жобасы тікелей Елбасының тапсырмасының орындалуы деп білемін, және осы жобамның Маңғыстау облысынан бастау алып, осындай нәтиже көрсеткені мені үшін үлкен жетістік.Қаншама қиналған жанның қуанышты сәттерін көру, соларға үміт отын сыйлап жеке кәсіпкер атануына себепкер болып, өз өнімдерінің жемісін көргенде жанында болу мен үшін үлкен бақыт.Кәсіптің дәмін татып қолдарына табыстары түскен жандар өз кәсібің болған рахат екен дейді.Қазіргі таңда бір Жаңаөзен қаласында жаңа брендтер пайда болды.Айта кетсем ZERE аспаздық өнімдері, XAN BIBI atelier тігін шеберханасы, ALITORT кондитерлік өнімі, OZEN NAN нан өнімдері, жылы жайлар,құс шаруашылығы т.б брендтер. Біз өз жұмысымызды тоқтатпаймыз, халыққа қолдан келгенше көмек қолын созамыз.- деді ол.
    Алдағы уақытта да әлеуметтік салада жүзеге асырылатын осы секілді тың бастамалар көбейе бермек.




    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +