Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстаулық 300 отбасы бір жыл көлемінде кәсіпкерлерден көмек алады

    91
    14 наурыз

    Амал мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысында қайырымдылық акциясы жарияланды. Шараны бірінші болып құрылысшылар қолдады. Шараның басты мақсаты - өңірдегі әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларға қамқорлық таныту, қолынан іс келетін, жеке кәсібін ашуға ниетті, бірақ мүмкіндігі жоқ жандарға қолдау көрсету.  Шара аясында әр кәсіпкер 1 жыл көлемінде 10 отбасыға шама шарқынша көмек қолын созбақ. Әл-ауқаты төмен отбасыларының жақсы өмір сүруіне талпынысын оятып, аяққа тұрып кеткенше көмектеседі. Олар түрлі бағытта жүзеге асады.

      «Акцияның «Жақсылық жаса, қайырымы қайтар Алладан» деп  аталуының өзінде үлкен мән жатыр. Қайырымдылық қанымызда бар қасиет болғандықтан өңірдің кәсіпкерлері бірігіп, ізгі шараны қолға алып отырмыз»,-деді  кәсіпкерлер.  «Мақсат – осы шараны басынан бастап аяғына дейін жеткізу. Кәсіпкер ретінде айтарым, аймақта кәсіппен айналысамын дегендерге жағдай жасалынған және қолдау көрсетілуде. Талпынған, кәсіппен айналысамын деген отбасыларға көмектескіміз келеді. Батылдығы, жігері мол адамдар көп, тек басын қалай бастарын білмей жүр. Қазақта «бұлақ көрсең - көзін аш» демекші, олар алғашында сәл демеп жіберуді, бағыт көрсетуді қажет етеді», - деді осы жобаға ат салысып жатқандардың бірі, кәсіпкер Иса Бимырзаев.

      Шара барысында 300 отбасыға көмек көрсетіледі, 90-ға жуығы Жаңаөзен қаласында тұрады. Бүгінде Жаңазен қааласындағы бірнеше отбасыға пәтер сыйға тартылып, бірнеше үйде жөндеу жұмыстары басталды. Жеке бизнесін ашқысы келетін «Рахат» ауылының тұрғыны  Наурыз Алдабергеновке кәсіпкер Самат Мұсабаев жылыжай салуға көмектесетін болды.  Акцияға бюджет қаржысы жұмсалмайды, кәсіпкердердің жеке қаражатынан көмек көрсетіледі.

      «Біздің мақсатымыз - оларға тек бір жолғы қаржы беріп немесе азық-түлік алып беру емес, олардың күнкөрісін жақсартуға бағытталған нақты шаралар ұйымдастыру»,- деді жоба үйлестірушісі Айжани Нұрланова.

      Кәсіп ашу үшін жоба жасағанымен, оны жүзеге асыруға қаржысы болмаған отбасыларға көмек беріледі. Олардың басым бөлігі – мал шаруашылығымен, құс өсірумен, тігінмен айналысуға ниет білдірді. Ал акцияны қолға алған кәсіпкерлер тұрғындарға қажетті құралдарды, шаруашылық жүргізу үшін мал, құс сатып алып береді, қора мен жылыжай да салып береді.

    «Өзім жеке кәсіпкер болғандықтан, өзім сияқты кәсіпкерлерді жинап, осы акцияны бастадық. Көбінесе қайырымдылық акциясы мүжәлсіз отбасыларға азық-түлік таратумен шектеледі. Бұл – бір реттік көмек қана. Сондықтан «балықшыға балық берме, қармақ бер» деген принципті ұстанып, кәсіп ашуға мүмкіндік жасап жатырмыз», - ұйымдастырушылар.

    Маңғыстаулық кәсіпкерлер бұл акцияны республика деңгейінде кең масштабта жүзеге асырамыз деп отыр. Аталмыш акция облыстың барлық аудандарын, шалғай ауылдарды кезеңмен араламақ. Жаңаөзен қаласынан бастау алған керуен енді Шетпе селосына бет алды.

     


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +