Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 300 атты керуен Отпан тауға аттанды

    301
    13 наурыз

    14 наурыз күні Маңғыстау өңірі  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "болашаққабағдар: рухани жаңғырту" бағдарламасы аясында дәстүрлі  бірлік пен ынтымақтастық мерекесін тойлайды. Мереке қарсаңында  Ақтау қаласынан Отпан тауға дәстүрлі "Ұлы дала көші"  аттанды. 

    "Ұлы Даланың жеті қыры" атты мақаласында Мемлекет басшысы қазақ даласында өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың жеті қазынасын атады. Маңғыстауда Амал-мерекесін тойлау, Елбасы мақаласының мәнін  айқындай түскендей. Бұл мерекенің басты мақсаты-халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу. 
    Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласында  салт ат мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді: "Жылқыны қолға үйрету, сол кездегі  ата-бабаларымыздың  көшбасшы болуына ықпал етсе, қазіргі заманда  шаруашылықта және әскери істе ауқымды төңкеріс жасады".
    Көшпелі халықтарға құрмет ретінде, Амал мерекесінің алғашқы күнінде"Ұлы дала көші" атты  театрландырылған және мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, оған ұлттық киім киген  300-ге жуық  шабандоз қатысты.  Дәстүр бойынша,алдымен  ерлер арасында ерлер арасында аудараспақ, теңге ілу сынды  ұлттық ойындар ойнатылды. Содан кейін «Амал келді, жыл келдi» театрландырылған қойылымы өтті.
    Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық қонақтарды келе жатқан Амал  мейрамының басталуымен құттықтады. "Амал-бұл көктемнің келуінің, халықтың бірігуінің дәстүрлі мерекесі, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"атты мақаласында қойылған негізгі міндеттерді толығымен көрсететін мереке. Бұл мерекеде қазақ халқының көп ғасырлық тәжірибесінің мәні, оның баға жетпес мұрасы, қайнар көздері, ұлттық мәдениетінің мәні жатыр. Бүгін, Амал мерекесін тойлай отырып, біз Маңғыстаудың ұлттық тарихи мұрасын зерттеуге, қорғауға, сақтауға және насихаттауға өз үлесімізді қосамыз. Сондай – ақ, Ақтауда өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысушы 
    Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Әзербайжан және  басқа елдерден келген ғалымдарға қош келдіңіздер дегім келеді. Қазір олардың еңбегі өлкенің баға жетпес тарихи мұрасын зерттеуге және сақтауға бағытталған. Олардың Маңғыстауда жасаған ғылыми жаңалықтары жалпы тарих ғылымының дамуына серпін береді", - деді әкім Ералы Тоғжанов.
    Содан кейін ақсақалдар мен аймақ басшысы Ақшұқыр маңындағы,  Бегей ауылына аттанған көшпелі көшке  баталарын  берді. Көшті жергілікті тұрғындар қарсы алды. Осы жерде  мерекелік іс-шара, өнер көрмесі мен  концерт ұйымдастырылды. Содан кейін көш қатарына  Ақшұқыр жастары қосылды және барлық театрландырылған шеру Отпан тауға шықты. Бұл жерде дәстүр бойынша 13 наурызда кешкісін бірліктің қасиетті алауын жағу рәсімі өтеді.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +