Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қазақстан Президенті: "Көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік көмек алуы қажет"

    145
    06 наурыз

    Елбасының төрағалығымен әлеуметтік саясатты іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті. Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев және Премьер-Министрдің орынбасары Г.Әбдіқалықова қатысты.

    Кеңесті ашқан Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шараларды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

    – «Нұр Отан» партиясының жақында өткен съезінде әлеуметтік саясат саласындағы шаралардың іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырдық. Мен тұрмысы нашар және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде жаңа ауқымды шаралар ұсынған болатынмын. Біз бүгін соларды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жан-жақты талқылаймыз, – деді Қазақстан Президенті.

    Басқосуда Мемлекет басшысына Үкіметтің жүктелген міндеттерді орындау, соның ішінде әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жоспары таныстырылды.

    Жиынға қатысушылардың баяндамасын тыңдаған соң, Елбасы халықтың көмекке мұқтаж санатына жататындардың бәріне әлеуметтік жәрдем беру қажет екенін айтты.

    – Әлеуметтік тұрғыдан тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бөлінетін қаражат салық түсімі есебінен құралатынын түсінген жөн. Сондықтан, мемлекеттің тиісті тепе-теңдікті сақтай отырып, көмекке аса мұқтаж жандарға әрдайым қолдау көрсететінін баршаға түсіндіру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қазақстан Президенті әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылар мемлекеттің қамқорлығын жақын арада сезінуге тиіс екенін атап өтті.

    – Көмекке аса мұқтаж және көп балалы отбасылар биылғы 1 сәуірден кешікпей әлеуметтік көмек алуы қажет, – деді Қазақстан Президенті.

    Елбасы мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдерінің жұмыстарын бағалау азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне және тұрмыс сапасына тікелей байланысты болатынын атап өтті.

    Мемлекет басшысы өңірлерде жалақыны өсіру жөніндегі шараларды уақтылы қабылдаудың, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі реформалар жүргізудің, тұрғын үйлер мен ішкі аудандық жолдарды салу қарқынын күшейтудің, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен экология проблемаларын шешудің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Құтты мекен» және «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    – Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері өңірдегі тұрғындардың өзекті мәселелерін жеке бақылауға алып, жүктелген міндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар қабылдауы керек. Сонымен қатар, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау жасау негізгі бағыттың бірі саналады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Мемлекет басшысы экономикалық саясаттың тиімділігін арттырып, бұл үдеріске тұрғындардың белсенді атсалысуы қажеттігін атап өтті.

    – Ең алдымен, халықты жұмыспен қамту керек. Мемлекеттік аппараттың міндеті – шағын және орта бизнесті дамытуға, жұмыс орындарын ашуға күш жұмылдыру. Бұл жұмысты барлық қалаларда, аудандар мен ауылдарда жаппай жүргізу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

    Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, жүктелген міндеттердің орындалу барысын үнемі бақылап отыруды тапсырды.

    – Үкімет, әкімдер, жұртшылық және Нұр Отан» партиясы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін осы жұмысқа атсалысуға тиіс. Мен бұл үдерісті өзім қадағалап отырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +