Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 2019 жылға арналған «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар»

    429
    26 ақпан

    Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және халықаралық стандарттар талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар» іс-шарасы бойынша оқыту жүргізуді (жыл сайын  1300-ден кем емес маман) жоспарлап отыр.

    Семинарлар (3 күндік) ақысыз негізде (тегін) өткізіледі.

    Семинарлар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіруді көздейді:

    -  Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі. ЕАЭО аясындағы Келісімдер.

    -  Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалаудың жаңа типтік схемалары. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізу тәртібі, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу.

    -  Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесі.

    -  Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесі.

    -  Метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтар.

    -  Менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдер.

    -  КО/ЕЭО техникалық регламенттерін қолдану ерекшеліктері.

    Семинар жұмысына қатысады:

    -  техникалық реттеу және менеджмент жүйелері саласында жұмыс тәжірибесі бар шетелдік дәрісберушілер;

    -  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бағыттар бойынша жұмыс істеп жүрген сарапшы-аудиторлары;

    -  техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар;

    -  менеджмент жүйелері саласындағы мамандар.

    Семинарға шақырылады:

    Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының мамандары, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар.

    Іс-шара аясында кофе-брейк ұйымдастырылады.

    Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

    Семинарды ұйымдастырушы:

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11.

    Өткізілетін күні және Институт филиалдарының байланыс телефондары:

    Ақтау қ.

    а.ж. 13-15 мамыр

    8 (7292) 33-52-90, 

    mangystau@kazinst.kz kazinstaktau@mail.ru

    Ұйымдастырушының оқыту семинарларының кестесіне өзгерістер енгізуге құқысы бар


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +