Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • ХАБАРЛАНДЫРУ

    59
    11 қыркүйек

    Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының  мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Барлық конкурс қатысушыларына арналған

    ортақ біліктілік талаптар

     

    E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім;

       мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1жылдан кем емес;

      3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      7) ғылыми дәрежесінің болуы.

    E-R-3 санаты үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

    жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

    жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

    1)  мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

    2)  осы санаттағы нақты функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

    3)  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар, қала, астана, аудан (облысытық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәсертебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

    4)  Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

    5)  Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау;

    6)  Ғылыми дәрежесінің болуы. 

    Санаты

    Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

    min

    max

    Е-R-2

    305 771

    398 831

    Е-R-3

    227 238

    296 396

    Ескерту: Еңбекақыны факторлы-баллдық жүйемен есептейтін пилоттық жобаны енгізуге байланысты

      «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: K.turtkulova@mangystau.gov.kz, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілерінің арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Ішкі конкурс жариялайды:

    1.  «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ басшысының орынбасары,Е-R-2, 1 бірлік.

        Функционалдық міндеттері: Білім бөлімінің және оған қарасты мекемелердің оқу-тәрбие процесіне, білім беру бағдарламаларының және білім беру  мекемелеріндегі оқу-тәрбие жоспарларының орындалысын  қадағалау.

      Мемлекеттік емтихандардың, Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарының және оның өткізілуін қадағалайды. «Алтын белгі» белгісіне,үздік аттестатқа үміткер оқушылардың  құжаттарын талапқа сай жүргізілуін бақылайды.

      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (ата-анасы қайтыс болған) балаларға қамқоршы тағайындау,жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, қайырымдылық акцияларды ұйымдастырылуына  бақылау жасайды.

      Халыққа қызмет қөрсету орталығымен  балабақша кезегінде тіркеуде тұрған балаларды балабақша сұранысына сәйкес  орналастыру кезегін бақылау.

      Мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарда мемелекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға бақылау жасау.

      Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуына бақылау жасау.

      Қалалық білім бөлімінің жылдық, айлық жоспарларының жасакталуына  және оның  орындалуына  бақылау жасау.

      Мектептерде мүжәлсіз отбасы балаларының уақытында тамақтандырылуын, олардың тізімінің бекітілуін қадағалайды.Мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуіне бақылау жасау. 

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім;

      Білім мамандықтары; Гуманитарлық ғылымдар (тарих, филология); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (мемлекеттік және жергілікті басқару, психология, әлеуметтану); Құқық (құқықтану).

    2.  «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» ММ экономика және есептеу секторының меңгерушісі,Е-R-3, 1 бірлік.

    Функционалдық міндеттері: Экономика және есептеу секторының жұмысын ұйымдастыру, қаржы және экономика сұрауларына басшылық жасау, штаттық кесте, қаражат тәртібін қадағалау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығын есебін тексеру, бақылау, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына талдау жасау, білім беру ұйымдарындағы қаржы жоспарларын, міндеттерін және төлемдерінің жиынтығын жасау және қадағалау.

    Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп бойынша әдістемелік көмек көрсету және білім беру ұйымына тиісті мекемелердің айлық, тоқсандық бухгалтерлік есептерін қабылдау, тексеру. Белгіленген мерзімде бюджеттің орындалысы туралы есептерін тексеру, білім саласы бойынша есептер жиынтығын, мемлекеттік сатып алу есептерін жүргізу және дебиторлық, кредиторлық қарыздарын бақылау. Білім беру ұйымына тиісті мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын және жекеменшік шағын орталықтарды, балабақшаларды қаржыландыру.

    Электрондық іс-құжаттардың айналымын уақытында және сапалы орындалысын қамтамасыз ету. Маслихат шешімдері негізінде бекітілген және нақтыланған бюджеттік бағдарламаларды жасақтауды, жинақтап тапсыруды және веб-сайтқа жариялауды қамтамасыз ету.

    Бөлінген қаражаттың бюджеттік өтінімінің жиынтығын жасақтау, талдау және бюджеттік өтінімдерге болжам жасау, дер кезінде тиісті мекемелерге сұраныстар жолдау. Мемлекеттік штаттық ұйымының құрамы туралы ақпаратты «СЕТЬ есепті» тоқсан сайын уақтылы тапсырылуын қадағалау.

    Жергілікті және республикалық трансферт есебінен бөлінген қаражаттардың құжаттарын дайындауды және есебін беруді басшылыққа алу. Білім бөлімініне тиісті мекемелердің есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесінің есебін тиісті орындарға тапсырылуын қадағалау, салық бөліміне тоқсандық, жылдық есептерін тапсыру және қадағалау. Сонымен қоса жоғары орындардан келген тапсырмаларды орындау, түскен арыз-шағымдарға заң шеңберінде жауабын беру.

    Мекеменің теңеріміндегі тұрған мүліктерді түгендеуін және құжаттарын жасақтауды қадағалау.

    Мемлекеттік қызмет көрсету негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. Мемлекеттік жеке жылдық жоспарына өзгерістер енгізкуге Қалалық Қазыналық бөліміне сұраныстарды уақытылы түсіру және қадағалау. Қаржыны игеру мақсатында төлемдер жасақтау. Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім;

      Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы); Құқық (құқықтану).

     

    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

    1)  «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

    2)  тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

    «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты»ММ және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде құжаттар тапсырылуы тиіс.

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

      Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

      Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

    Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

    Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

      Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

    Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

    Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

    Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін

    тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

    Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген

    жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

    Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

    Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

     

      Шағым жасау тәртібі:

      Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

      Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

    «Б» корпусының мемлекеттік
    әкімшілік лауазымына
    орналасуға конкурс өткізу
    қағидаларының 2-қосымшасы

    Нысан

    __________________________
    (мемлекеттік орган)

    Өтініш

     

    Мені__________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

    Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

    Қоса берілген құжаттар:
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________
    ___________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________

    ___________________________________________________________________________

     

    Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________
    ___________________________________________________________________________

    ________   ____________________________________
      (қолы)    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    «___»_______________ 20 __ ж.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +