Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • ​«Келешекке – кемел біліммен!» атты тақырыпта тамыз конференциясы өтті

    383
    27 тамыз

    Бүгін, ​«Келешекке – кемел біліммен!» тақырыбында Мұнайшы мәдениет үйінде Жаңаөзен қаласы педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті. Оған қала әкімі Әділбек Дауылбаев, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихат депутаттары, педагогтар, білім беру ұйымдарының басшылары мен ардагер ұстаздар қатысты.
    Қала әкімі, алдымен, жаңа заманауи оқу жабдықтары бойынша көрмені аралады. Көрмеде «AVR-Lab» - алғаш қазақстанда жасалған виртуалды және шынайылық лабораториясы отандық өнімімен танысты. Бұл жаратылыстану пәндері бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен білім сапасын арттыруға арналған әдістемелік құрал. Физика, химия, биология пәндерін қамтитын құралдың мүмкіндігі мол. Атап айтқанда, оқушының назарын аудару, ақпаратты қабылдау және тиімді меңгеру, зерттелетін объектілердің құрылымы мен қасиеттерінің детализациясы, зертханалық жабдықтарсыз эксперимент жүргізу мүмкіндігі және виртуалды объектілерімен пайдаланушының өзара әрекеттесу қабілеті бар. Сонымен қатар, көрмеде қала бойынша робототехника саласындағы жеткен жетістіктер көрсетілді.
    Тамыз конференциясының негізгі бөлімі басталып, алдымен қаладағы білім саласының 2018-2019 оқу жылының жетістіктері туралы бейнефильмі көрсетілді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатайдың баяндамасы тыңдалды.
    Жаңаөзен қаласы 2018-2019 оқу жылын 49,6% білім сапасы көрсеткішімен аяқтаған. Білім сапасын талдау нәтижесінде қоғамдық-гуманитарлық пәндердің сапасы жоғары, ал жаратылыстану-математикалық бағытта 42-56% құрайтыны анықталды. 560 оқушы білім грантына ие болған, оның ішінде «Серпін» әлеуметтік бағдарламасы бойынша 34 грант. Қалалық білім бөлімінің басшысы оқу жылын қорытындылай отырып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс шараларға тоқталды. Оның ішінде олимпиадалық резервті дұрыс жасақтау, олимпиадаға дайындық жұмыстарын жүйелеу, оған оқушыларды дайындайтын мұғалімдердің біліктілігі мен дайындығын күшейту, «Білім-инновация» мектеп-лицейлерінің тәжірибесін кезең-кезеңімен лицей, гимназияларға енгізу мәселелері бар.
    Келесі кезекте мектеп мұғалімдерінің «Оқушыларды ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу» және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырудағы технологияларды тиімді қолдану тәжірибесі туралы баяндамалар оқылды.
    Қала әкімі Әділбек Дауылбаев қаланың білім саласын дамытудың алдағы міндеттеріне тоқталды. Атап айтқанда, жаңа оқу жылында білім берудің барлық деңгейінде жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, балаларды балабақшамен 100% қамту, математика және жаратылыстану ғылымдарының сапасын күшейту, мектептер, балабақшалар және кәсіптік білім ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайтуды жалғастыру, оның ішінде цифрлық білім беру ресурстарын дамытуға басымдық беруді ұсынды.
    Конференция барысында білім саласының үздіктері, еңбегі еленіп, қызметі бағаланған ұстаздарды қала әкімі Әділбек Дауылбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» және қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, мұғалімдер мен балабақша тәрбиешілеріне ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Құрмет грамотасы» табысталды.
    Өскелең ұрпаққа білім беру, тәрбиелеу саласында еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қатары жаңа оқу жылында жас мамандармен толығып келеді. Келесі кезек жоғарғы оқу орнын бітіріп келген жас мамандарды педагогтар қатарына қабылдау рәсіміне берілді. Орал, Ақтөбе, Ақтау қалаларының белгілі оқу орындарынан түлеп ұшқан жас мамандар ант қабылдау рәсімін өткізді. Ардагер ұстаз Гүлшат Нұрсагитова сөз алып, жас мамандарға ақ жол тіледі.

    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +