Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Төмендетілген тарифтер тұрғындар үшін тиімді болмақ

    221
    21 желтоқсан

    Облыс әкімі Е.Тоғжановтың қатысуымен өткен аппарат жиынында өңірдегі бірнеше маңызды тақырыптар қаралды. Атап айтар болсақ, облыс бойынша егін шаруашылығының жай-күйі, коммуналдық қызметтердегі тарифтердің төмендеуі және денсаулық сақтау саласындағы мәселелер қаралып, жауапты орган басшыларына бірқатар тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда облыс көлемінде коммуналдық қызметтердегі тарифтерді төмендету бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде: газдың бағасы, электрэнергия және инвестициялық, операциялық шығындарды қайта қарастыру. Бұл туралы аппарат жиынында сөз алған  МО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Салимов айтып өтті.

      Қазіргі таңда ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен газға жаңа тариф бекітілді. Атап айтар болсақ, электроэнергиясын өндірушілер үшін -  12%,жылуэнергиясын өндірушілер үшін – 36%,тұрғындар үшін – 4% төмендеді.

    Нәтижесінде, «МАЭК» ЖШС-нің электрэнергиясын өндіру тарифі 11,3% төмендеді.

    «Маңғыстау облысының табиғи монополияларға қарсы департаменті барлық табиғи монополия субъектілерінің тарифтерін төмендету және қарау бойынша жұмыстарды аяқтады. Бұл өз кезегінде 01.01.2019 жылданбастап өңір бойынша тұрғындарға тарифтерді төмендетуге мүмкіндік берді»,-деп атап өтті Ж.Салимов.

    Енді осы бағыттарға жеке-жеке тоқталсақ. Электроэнергия бойынша Ақтау қаласы – 2%, Жаңаөзен қаласы – 2%, Маңғыстау ауданы – 4%, Мұнайлы ауданы – 3%, Қарақия ауданы – 4%, Түпқараған ауданы – 4%, Бейнеу ауданы – 4%-ға төмендесе, сумен қамту бойынша «Каспий су тұщыту зауыты» - 7%, «Казсушар» РМК филилаы – 11%, «УДТВ» - 10%, «Түпқараған су жүйесі» - 10%, «Маңгыстау Жылу» МКК – 5%, «Дария» МКК – 2%-ға азайтты. Ал жылумен қамту бойынша «КЖСА» МКК – 9,62%,  «ӨзенЖылу» МКК – 0,26%, «Манғыстау жылу» МКК(ыстық суға) – 8%, «ӨзенЖылу» МКК – 0,26%, «КЖСА» МКК – 2,81% төмендетті.

    "Маңғыстау облысы егін шаруашылығын дамытуды қолға алып, жылдан-жылға жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Судың тапшылығына, топырақтың құнарсыздығына, егін өсіру қиыншылықтарына қарамастан өңірдегі шаруа қожалықтары егін егуге жарамды жерлерге көкөністер, әртүрлі бақша дақылдарын өсіруде. Бүгінгі таңда облыста 1100 гектар ашық жерге және 24 гектар құрайтын 41 жылыжайға егін егіліп, нәтижесінде барлығы 18000 тонна өнім алынды, бұл жоспар бойынша бекітілген тоннадан 1200-ге артық орындалды»,-деді ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдғұл.

      Сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы министрлігінде 02.11.2018 жылы бекітілген Маңғыстау облысында агроөнеркәсіптік кешенінің аймақтық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру тұжырымдамасы бойынша 2017-2022 жылдарға дейін ашық суармалы жерлерді 1100 ден – 1500 гектарға, оның ішінде 1000 гектарға дейін тамшылата суару жүйесімен қолданып егуді жоспарладық. Бұл барлық егіс алқабының 70%-ын құрайды. Сонымен қатар жылыжайларды 24 гектардан 52 гектарға ұлғайтамыз деп жоспарлап отырмыз. Осылайша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабтарын ұлғайту арқылы 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда өнімнің жалпы шығарлымын 2 есеге арттыруға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдіктеріне әр жыл сайын 1 га жылыжайлардан қосуды талап етіп, 2022 жылы жылыжайлардан 9100 тонна өнім алуды, энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасына жылыжайларды су, газ, тоқпен қамтамасыз ету мақсатында жер асты суларының картасын жасақтауды қолға аламыз. Бұл карта әр қала, ауданға өз жоспарын құруға мүмкіндік береді, деді Серік Сырымұлы.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +