Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Ақтау қаласының 100 тұрғын үйінің электронды паспорты әзірленді

    150
    30 қараша

    Ақтау қаласының 100 тұрғын үйінің электронды паспорты әзірленді

      Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Қалдығұл баяндады

      Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 12 996,2 млн.теңгені құрайды. Нақты көлем индексі 103,5% құрады.  2018 жылы мал басы 2017 жылмен салыстырғанда 8% артып, 564 911 басты құрады. Жалпы егіс көлемі-1118,5 гектар. 800 га жерге көкөніс және бақша дақылдары үшін тамшылатып суару жүйесі енгізілді. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 2018 жылға 1 244 089 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде 821 837 200,0 теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на және 422 251 800,0 теңге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на бөлінді.  Бүгінгі күні бөлінген қаражаттың 95% игерілді. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында 1056 адам оқып, сертификат алды.

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрландыру туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Сәлімов баяндады. Тұрғын үй-коммуналдық саланы цифрландыру бойынша жол картасына сәйкес ТҮКШ-тің цифрланған мәліметтерін «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне 2022 жылға дейін енгізу міндеті қойылды. Ақтауда осы ақпараттық жүйеге 73 үй қосылған. 2022 жылдың соңына дейін барлығы 1621 үйді қосу жоспарда.

      «Мәліметтерді ақпараттық жүйеге онлайн режимде бере алатын 1689 үйге ортақ есептеу құралы орнатылды.  Есептеу құралдарын орнату тұрғындарға 156,1 млн. теңгеге дейін, ал кәсіпорындарға 8,34 мың Гкал жылу үнемдеуге мүмкіндік береді. Ақтау қаласының көп пәтерлі тұрғын үйлеріне  электронды паспорттар әзірлеу жобасына - 19,2 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 100 тұрғын үйдің электрондық паспорттары әзірленді. Сонымен қатар, әрбір тұрғын үйге QR-code тақтайшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.  Ол арқылы, басқарушы компания туралы, диспетчерлік қызметтің байланыс телефондары, электрик, слесарь, қолдау пункті, үй туралы толық ақпаратты алуға мүмкіндік береді», - деді Жандос Сәлімов.

      Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақыт Бекмұратов коммуналдық қызметтерді төмендету мақсатында табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларын талдау бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы баяндады.

    Қазіргі уақытта ҚР Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінде тауарлық газ тарифі 10% - ға төмендейді деп күтілуде. Бұл жағдайда «МАЭК» ЖШС электр энергиясын өндіруге тарифтің 11% - ға төмендеуі болады, ол облыстың 671,3 мың тұрғынын қамтиды. «МРЭК» АҚ тарифтік сметасын оңтайландыру есебінен 326,3 мың тұрғынды қамти отырып, халыққа электр энергиясын беруді 50% - ға төмендету жоспарлануда. Халық үшін электр энергиясына орташа тарифі 14,7% құрайтын болады.

    «Сондай-ақ, « Каспий  су тұщыту зауыты» ЖШС ауыз су өндіру бойынша 150,0 мың адамды қамти отырып, тариф бағасы 7% - ға төмендейді деп күтілуде. Маңғыстау ауданының 7,2 мың тұрғынын қамти отырып, «КазВодХоз» РМК тарифінің халық үшін 5% - ға төмендеуі күтілуде. «КЖСА» МКК тарифтік сметасын оңтайландыру есебінен жылу энергиясына тариф 3% - ға төмендейді, ол 200,0 мың адамды қамтиды. «КЖСА» МКК ыстық су беру бойынша тариф 5,3% - ға төмендеп, 200,0 мың адамды қамтиды. «ӨзенЖылу» МКК жылу энергиясы бойынша тарифі 0,89% - ға төмендеп, 150,0 мың адамды қамтиды», - деді Бақыт Бекмұратов.

    Бүгінгі күні Маңғыстау облысы бойынша ТМРжБҚК уәкілетті органымен  инвестициялық және операциялық шығындарды қайта қарауды жүзеге асыру және барлық табиғи монополиялар субъектілерін тыңдау жұмыстары жүргізіледі.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +