Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстауда 600 бизнес өкіліне амнистия қарастырылады

    49
    09 қазан

    Маңғыстауда 600 бизнес өкіліне амнистия қарастырылады

      Ақтауда  өңір басшысы  Ералы Тоғжановтың қатысуымен облыс  активінің жиналысы өтті. Жиын  барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар айқындалды.

    Аймақ басшысы Жолдаудағы бірінші басымдық халық табысының өсуі екенін атап өтті. 28 мың бюджет қызметкерінің еңбекақысы орта есеппен 35% - ға өседі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 25 000 адам үшін төлем мөлшері ұлғайтылатын болады. Сондықтан Ералы Тоғжанов барлық бюджеттік мекемелерге, жалақыны көтеру туралы есепті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына дереу ұсынуды тапсырды.

    Бәсекелестікті дамыту және монополистік компаниялардың тарифтерін реттеу мәселесі бойынша облыс әкімі монополияға қарсы Департаментке қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғындардан жиналған қаражатты тиімді пайдалану бойынша монополистер мен ПИК-ке тексеру жүргізуді тапсырды.

    «Сонымен бірге, Елбасы шағын және орта бизнес үшін салық амнистиясын жүргізуге тапсырма берді. Бұл – өсімақылар мен айыппұлдарды есептен шығару  деген сөз. Негізгі критерий – тек адал салық төлеушілер үшін амнистия жарияланады. Амнистия салық берешектері ағымдағы жылдың 1 қаңтарына дейін пайда болып, 1 қыркүйекке дейін төленбеген жағдайда ғана жүргізіледі.Мемлекеттік кірістер департаментінің деректері бойынша, шамамен 600 шағын және орта бизнес субъектісі амнистияны қолдана алады.  Осы департаментке кәсіпкерлік және сауда басқармасымен, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп, салықтық амнистияға түсетін шағын және орта бизнес субъектілерімен тиісті жұмысты жүргізуді тапсырамын»-деді Ералы Тоғжанов.

    Агроөнеркәсіптік секторды дамытуға мемлекет бөлген қаражат, бірінші кезекте, өңірдегі жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы басқармасы Министрлікпен қажетті қаражат бөлу мәселелері бойынша тиісті жұмыс жүргізуі қажет. Бұл қаражат бірінші кезекте өңірді жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.

    Ауыл шаруашылығы басқармасы қажетті қаражатты облысқа бөлу бойынша Министрлікпен тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.

    Сонымен бірге, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ауыл кәсіпкерлеріне арналған оқыту картасын әзірлеуді, сондай-ақ қаржы институттары арқылы қаржыландырылатын жобаларды жандандыруды тапсырамын.

    «Елбасы инновацияны дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.Ең алдымен баламалы энергетиканы, жаңа материалдарды, биомедицинаны және басқа да бағыттарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Ол үшін облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ:Батыр ауылында қуаты 2 Мвт күн электр станциясы пайдалануға берілді;Маңғыстау және Түпқараған аудандарында жел және күн электр станцияларының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, мұнай компаниялары инновациялық жобалар бойынша үлкен жұмыстарды қолға алуда»-деді облыс әкімі.

    Жиынға  қатысқан бизнесөкілдері, ұстаздар қауымы мен жастар жағыжолдауда айтылған мәселелерге қатысты өз ойларынортаға салды.Кәсіпкер Надежда Карась  кәсіпкерлерді дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. ШОБ үшін несиелендірудің қол жетімділігі мәселесі ерекше маңызды: "біз несиелеуге қол жеткізгенде өндірісті дамытуға және жаңғыртуға дайынбыз. Екінші деңгейдегі банктермен ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша жұмыс істеу қиын, пайыздық мөлшерлемелер өндірісті дамытуға мүмкіндік бермейтін жоғары, сондықтан Президенттің бұл мақсаттағы халық тұтынатын тауарларды шығаратын жобаларға 600 млрд.теңге бөлінетіндігі туралы шешімі өте өзекті және уақтылы. Бұл шешім отандық өндірістің дамуына серпін береді" деді.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +