Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Мұнайлы ауданында қалдықтарды сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды.

    485
    01 қазан

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

    Денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және медициналық көмектің сапасын арттыру туралы - денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғатбек Бәпиев баяндады. Облыста ағымдағы жылда -  14  мемлекеттік және 8 жекеменшік бастапқы медициналық санитарлық көмек мемлекеттік тапсырыс алған.  Бастапқы медициналық көмектің сапасын арттырудағы атқарылып жатқан іс-шаралардің бірі  жалпы тәжірибелік дәрігердің  жүктемесін 1700- ге төмендету (1 дәрігер жүктемесін 1500 ге түсіру ,) шағын БСМК мекемелерін соның ішінде жекеменшік  мемлекеттік әріптестікті дамыту, сонымен қатар ауруды  басқару бағдарламасымен науқастарды тарту  13,2%  дан  30%  көтеру (ҚР-11,2%) және БСМК мамандардың біліктілігн арттыру  - 100% (2020 ж.). Емханалар қызметін цифрландыру, қағазсыз  форматтқа  толығымен ауысу, e-gov  арқылы дәрігер қабылдауына жазылу  25%  дан  50% дейін, мобильды қосымша  енгізу ( 110  мың  адам қосылды).

      Туберкулез ауруын  дер кезінде анықтап, тиісті ем тағайындау нәтижесінде 8 айдың қорытындысымен  көрсеткіштің нақты мәні  57,5 құрады, нысаналы  индикатордан  (59,6) төмендеу динамикасы қалыптасты.  Бұл  бағыт бойынша  орындалуына  қауіп жоқ. 9 ай аралығында  121  ауыр  жағдайдағы жүкті әйелдер тіркелді. Республикалық орталықтың мамандарымен бірлесіп облыс деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді.

    «Облысқа 108 санитарлық авто көлік қажет (жобалық құны 2 млрд. тенге ).  Қазіргі таңда барлығы 85 санитарлық автокөліктің  42-сі жүріп тұр.  Инфекциялық ауруханаға күрделі жөндеу өткізуге  сметалық  жобағы 153 млн. теңге анықтады. ҚР Премьер министрінің тапсырмасымен 2 жобаның сметалық құжаттары дайындалуда,  150 орындық Мұнайлы аудандық аурухана (респуб. бюджеттен),  Ақтау қаласында  550 орындықтан 300-ге  ауыстырылған көп салалы аурухана мемлекеттік-жекешелік  әріптестік  шеңберінде іске  асырылуы жоспарда.  90 медициналық ұйымдар интернет желісіне қосылған.2018 жылдың соңына дейін медициналық ұйымдардың қаражатынан 76  компьютерлік техника сатып алынады»,- деді Талғатбек Бәпиев.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы - кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева баяндады.

    Облыс бойынша 2 гипермаркет, 65 супермаркет, 481 минимаркет және 29 базар жұмыс істейді. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына апта сайынғы негізде аймақтың сауда объектілерінде бөлшек сауда бағаларының мониторингі жүргізіле.Ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын көтерілуіне жедел әрекет ету облыстық штабының отырысы өткізіледі. Сонымен қатар, сауда кәсіпорындары мен базарлар басшыларымен "ТҚСҚ бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу туралы" 227 меморандумға қол қойылды. Жыл басынан облыстың қалалары мен аудандарында тауар өндірушілер мен көтерме жеткізушілердің қатысуымен 15-20% нарықтан төмен бағамен азық-түлік тауарларының 461 жәрмеңкесі өткізілді.Азық-түлік тауарлары 15 жақын және алыс шетелдерден, сондай-ақ Қазақстанның 12 облысынан келіп түседі.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жергілікті кәсіпкерлері маусымдық кезеңде ұн, нан-тоқаш және макарон өнімдерін, сондай-ақ сүт өнімдерін, жұмыртқа және көкөніс, бақша өнімдерін өндіреді.

    Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және өңдеу мәселелері туралы- табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков баяндап өтті.  2018 жылдың 8 айында өңірде 129 521 тонна қатты қалдықтар полигонда 10 254 тонна өңделді. 10 093 немесе (49%) қоқыс контейнерлер орнатылып,  20 417 дана қоқыс контейнерлері қажеттілікті құрайды. Облыста санитарлық нормаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 8 полигон бар, Ақтау, Жаңаөзен, Форт - Шевченко, Бейнеу, Құрық, Жетібай, Шетпе, Қаламқас кен орны. Жаңаөзенде қуаттылығы 2,2 млн м3 қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату зауыты жұмыс істейді. Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылына жақын жерде қуаты жылына 50 000 тонна қалдықтарды сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды. Станцияда полигонда көмуге тыйым салынған 8 фракцияның қалдықтары сұрыпталатын болады.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +