Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Лифттер қауіпсіздігінің талаптары туралы білесіз бе?

    363
    08 ақпан

    Біздің өмір сүріп жатқан ғасыр ғылыми технология заманы екендігі белгілі. Адамдардың қамсыз және жайлы өмір сүруіне көптеген жағдай жасалған десек те болады. Адамдар үшін күнделікті қолданып жүрген жайлылық тудыратын технологияның бір түрі бұл – лифт.

    Бүкіл әлем бойынша әрбір адам күн сайын электр лифтілерін пайдаланады. Лифтілер жайлы және қолайлы қозғалуды қамтамасыз етеді, әсіресе бұл көп қабатты ғимараттарда өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдарға қатысты. Бірақ біз бұл лифтілердің қауіпсіздігі туралы ойланып көрдік пе? Біздің күнделікті пайдаланып жүрген лифт ешқандай қауіптілік тудырмайды ма? Егер сіз өзіңізге мұндай сұрақтар қоймасаңыз, біз, сіз білмеуіңіз мүмкін  лифттердің қауіпсіздігі туралы толығырақ айтып береміз.

    Лифттердің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етудің арнайы әзірленген шаралары бар және оларды пайдалануға беру кезінде жүзеге асыруға міндетті басты шарттардың бірі - сертификаттаудан өту болып табылады. Сертификаттау процесінде лифт конструкциясының сәйкестігі КО ТР 011/2011Кеден одағының «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламентінің талаптарымен анықталады.Аталған техникалық регламент көтергіш құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережелерін және олардың сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптарды белгілейді.

    Кеден одағы «Лифттердің қауіпсіздігі» техникалық регламенті Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған және пайдаланылатын лифтерге және лифтілердің қауіпсіздігі құралдарына қолданылады.

    Аталған Кеден одағы техникалық регламентінің қолданысы  мына жағдайларда қолданылады:

    -  барлық лифтілерге және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларына (буферлеріне, ұстағыштар, жылдамдық шектегіштері, шахта есігінің құлпы, қауіпсіздік гадроаппараттары).

    Техникалық регламентінің қолданысы пайдалануға арналған және пайдаланылатын мына жағдайларда лифтілергеқолданылмайды:

    -тау-кен және көмір өнеркәсібі шахталарында;

    -кемлердегі және өзге қалқыма құралдарында;

    -теңіздегі барлауға және бұрғылауға арналған платформаларда;

    -ұшақтарда және ұшатын аппараттарда, сондай-ақ мынадай:

    -тісті-тақтайшасы бар немесе бұрамалы көтеру механизмі бар;

    - әскери мақсаттарға арналған арнайы мақсаттағы лифтілерге.

    Адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғау, сондай-ақ тағайындалуы мен қауіпсіздігіне қатысты сатып алушыларды (пайдаланушыларды) жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында техникалық регламент лифтілерге және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларына қойылатын келесідей  талаптарды белгілейді:

    1)  Жобалау, дайындау, құрастыру кезінде және тағайындалған қызмет ету мерзімі ішінде жалпы қауіпсіздік талаптарын орындауға арналған және лифтінің тағайындалуы және пайдалану шарттары қарастырылады;

    2)  Пайдалануға енгізер алдында объектіге құрастырылған лифтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лифтіні құрастыруды жинау, баптау және реттеу жөніндегі нұсқаулар жазылған құрастыру туралы құжаттамаға сәйкес, сонымен қатар жөнделген лифтінің сәйкестігін растау және оны пайдалануға енгізу техникалық реламент тәртібімен жүзеге асырылады;

    3)  Лифтіні тағайындалуы бойынша пайдалану, дайындаушының пайдалану жөніндегі нұсқауға сәйкес лифтіге техникалық қызмет өткізуді, жөндеуді, қарауды жүргізу, лифтіні техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмысты білікті персоналдың орындауы, лифтіні техникалық мұқият қарау түрінде сәйкестігіне бағалау жүргізу техникалық реламент тәртібімен жүзеге асырылады;

    4)  Тағайындалған қызмет ету мерзімі өткеннен кейінлифтінітағайындалуы, түрлендіруді орындау немесе сәйкестікті бағалауды есепке ала отырып ауыстыру бойынша пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі мен шарттарын анықтау мақсатында сәйкестікке бағалау өткізбей тағайындалуы бойынша лифтіні пайдалануға жол берілмейді.

    Лифттерге қойылатын қауіпсіздік талаптары:

    а)пайдаланушылар және бөгде тұлғалар үшін жабдықты орналастыруға арналған шкафтарға, машиналық үй-жайға, блоктық үй-жайға, лифт кабинасына орналастырылған жабдықты қоспағанда, лифті шахтасына орнатылған лифт жабдығының қолжетімсіздігі, лифт жабдығының қозғалатын бөлшектерімен түйісу нәтижесінде жарақат алудан пайдаланушыларды және бөгде тұлғаларды қорғау жөніндегі шаралардың болуы, персонал тоқтатқан кабинадан адамдардың қауіпсіз көшіп ауысуы мүмкіндігінің болуы, кабинаны жарық беруге арналған құралдардың болуы, адамдардың ғимараттың қабат алаңқайы мен шахтаға жақын алаңқайларданшахтаға құлауының алдын алу жөніндегі құралдар және (немесе) шаралар болуы, лифтінің есік ойығының өлшемдері, кабина құрастырылымы элементтері мен шахта арасындағы айырмашылық, адамды немесе затты қысу күшін төмендететін шекке дейін азайту немесе алдын алу жөніндегі құралдардың болуы, сондай-ақ техникалық регламенттің қосымшасына сәйкес басқа да талаптар;

    ә) лифтіде, оның ішінде инвалидтерді және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын тасымалдауға арналған лифтіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    б) өрт уақытында өрт сөндірушілерді қамтамасыз ететін лифтіде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

    в) диспетчерлік бақылау құрылғысына қосуға арналған лифтінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Кеден одағына мүше мемлекеттер адам өмірі мен денсаулығына, мүлікке қауіп төндіретін лифтілер мен лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын Кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік аумағында айналымға шығаруды шектеу, тыйым салу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.

    «Лифттердің қауіпсіздігі»(КО ТР 011/2011)  техникалық регламенті туралы толық ақпаратты www.eurasiancommission.org Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан алуыңызға болады. 

     

    Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің

    Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы  –  Акмурзина Зәмза Мейрамқызы


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +