Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «ОТБАСЫЛЫҚ СОТ» пилоттық жобасы таныстырылды

    91
    28 қаңтар

        Қала әкімдігінің мәжіліс бөлмесінде Жаңаөзен қалалық сотының бастауымен заманауи сот төрелігінің жүйесіндегі «Отбасылық сот» атты тақырыпта дөңгелек үстел кеңесі өтті. Жиынға қалалық сотының төрағасы Б.К.Токбаев, Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Л.Шамгунова, Жаңаөзен қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы С.С.Жумабаев, қала ақсақалдары, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары мен әлеуметтік сала мамандары қатысты.

        Жиында, ҚР Жоғарғы Соты қолға алған «Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсат – міндеттері таныстырылып, қалалық сотының төрағасы Б.К.Токбаев неке бұзу, алимент өндіру туралы көрсеткіштерінің артып қоғамда өзекті мәселе болып отырғандығын айтты.

       Дөңгелек үстел кеңесінде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Л.Шамгунова отбасылық – зомбылық деңгейі туралы айта келіп, отбасы құндылықтарын арттыруға бағытталған іс-шаралардың нәтижелерін сарапқа салды. Бүгінде өркениетті елдердің біразында отбасылық соттар қызмет етеді және ол отбасыдан бастау алатын мейірімділік, ізгілік қасиеттерді сақтайды деді. Пилоттық жоба барысында істі сотқа жеткізбей психолог, адвокатпен сөйлесіп, бір мәмілеге келіп татуласу, отбасын сақтап қалуын, кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалуы және балаларға арналған мейірімді, әділ соттың дамуы туралы айтып өтті.

        Қазақ елі тарихында тұңғыш рет жүзеге асқалы тұрған пилоттық жоба бірінші кезекте жанұя бірлігін сақтау, ана мен бала құқығын қорғау бағытындағы іс-шараларға оң ықпалын тигізеді деп күтілуде. «Ең бастысы, мұнда істердің басым бөлігін медиативтік рәсіммен, яғни дауласушы тараптарды бітістірумен аяқталу көзделеді» деді- төраға Б.К.Токбаев.

        Сондай-ақ, сот актілерін жаңа форматқа сәйкес жасақтап, тараптарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатырғандығын және ол бағытта іс-шаралар оң нәтижеге ие болғандығы туралы баяндап өтті. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын айтып, ұсыныс,пікірлерін талқылаған тақырып аясында пікір алысып, балаларды міндетті тәрбиелеу бойынша бірлескен әлеуметтік бағдарламалар әзірлеуге, қатысты ұсыныстарын енгізді.
    Дөңгелек үстелге қатысушыларға қалалық сотының төрағасы Б.К.Токбаев ризашылығын білдіре келіп, отбасылық соттың аясында қаралып жатырған істердің сапасы жоғарылап, саны азаятындығына сенім білдірді.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +