Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы

    326
    19 желтоқсан

    Биыл еліміздің тәуелсіздігіне жиырма жеті жыл. Елдің тәуелсіздігін және егемендігін айқындайтын белгілер – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимні.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңымен реттеледі. Мемлекеттік рәміздерді дайындауға қойылатын талаптар ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» және ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандарттарында белгіленген.

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дайындау ұлттық стандарттарбойынша орындалады. Мемлекеттік рәміздерді жасап шығару арнайы қызмет болғандықтан, лицензияның болуын талап етеді. ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» және ҚР СТ 988-2007 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Жалпы техникалық шарттар» ұлттық стандарттарында рәміздерге қойылатын жалпы техникалық талаптар, қабылдау ережелері, бақылау әдістері, тасымалдау және сақтау шарттары қарастырылады.

    Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылғы 26 қазандағы  № 569«Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығын бекіткен болатын. Осыған байланысты,  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Ғылыми-техникалық комиссиясының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі №13 хаттамасы негізінде ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартына № 1 өзгеріс енгізіліп, 2018 жылғы 1 қарашадан бастап күшіне енді. Осылайша Мемлекеттік Елтаңбасындағы «ҚАЗАҚСТАН» cөзі латын графикасында «QAZAQSTAN» болып стандарттың барлық мәтіні бойынша өзгеріс енгізілді. Сонымен қатар Инвестициялар және даму министрлігі дайындалған және орналастырылған елтаңбаларға 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезеңді белгілеу қарастырылған.

    Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыру мақсатында, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті және Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты РМК Маңғыстау филиалымен, Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп қала және аудан орталықтарында ҚР Мемлекеттік Рәміздерін қолдану, орналастыру тәртібіне және ҚР СТ 989 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы», ҚР СТ 988 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы» ҚР ұлттық стандарттары бойынша әдістемелік түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Түсіндіру жұмыстары барысында мемлекеттік рәміздер арнайы мемлекеттік заңдар мен ұлттық стандарттарға сәйкес дайындалатыны, оларға қойылатын талаптар реті, оларды қолдану және орналастыру тәртібі, сонымен қатар соңғы енгізіліп жатырған өзгерістер мен толықтырулар туралы жалпы ақпараттар берілді.Осындай түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде біз жастардың Отанға деген, оның тәуелсіздік нышандарына деген құрмет сезімі, патриотизм рухы арта түсетіндігіне сенеміз.

      Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маман міндетін атқарушы – Мұханова Айжанат Балышбекқызы.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +