Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «Шотан Батыр» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    396
    13 желтоқсан

    Қаламыздың «Жалын» кинотеатрында Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Құлынтайұлы, ақын Светқали Нұржан, қала ардагерлері мен активтері, мекеме басшылары мен қызметкерлері және тұрғындардың тамашалауымен «Шотан Батыр» деректі фильмінің тұсаукесері болды.

    Құттықтау сөз кезегі қала басшысы Ә.Құлынтайұлына, ақын С.Нұржанға және Шотан батыр ұрпағы М.Өтебаевқа берілді. Көрермендерді фильмнің  шығуымен, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ел қорғаған батырларымызды, төл тарихымызды әрдайым есте сақтап, насихаттап жүруге шақырды.

    Сонымен қатар, шара барысында ақын Светқали Нұржанға қала әкімі Жаңаөзен қаласының дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін қаланың 50 жылдық мерекелік медалін табыс етсе, Майлыбай Өтебаев «Шотан ұрпағы» қоғамдық қорының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

    Маңғыстау батырлар мен әулиелердің елі, аңыздар мен абыздардың жері. Бүгінгі қазақ даласын ұлан-ғайыр деп мерейленсек, қазба байлықтар мен табиғаттың сұлу көріністеріне бай деп масаттансақ, мұның түп бастауында көк найзалы батыр бабаларымыздың ерлігі, елжандылығы жатыр. Намысы мен айбыны жатыр.

    Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында, елдің тәуелсіздігін аңсаған бабамыз, Жоңғар шапқыншылығында қазақ халқының арқа сүйеген есіл ерлерінің бірі, Адай жұртының Маңғыстауға бастап келіп, қоныстандырушылардың көшбасында болған ерен ұл, халық батыры Шотан Назарұлының ерлігі мен есімін ел жадында жаңғыртып, елін сүйген және қорғаған батырын жас ұрпақ санасына сіңіру, олардың ұлтын сүйген ұлан болып қалыптасуына үлес қосу мақсатында танымал режисер Доқтырхан Тұрлыбектің жетекшілігімен тусірілген бұл «Шотан батыр» деректі фильмі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында түсірілген. Сонымен қатар, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында айтылған «тарихты жаңғырту, кино өнерін дамыту» тапсырмасымен де сәйкес келеді.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +