Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 
Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.

Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.

В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Техникалық реттеу және метрология саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жүзеге асырылуда

    49
    29 қараша

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы  «Қазақстанның үшінші  жаңғаруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығы институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты екені баршамызға белгілі.

    Бұл басымдықтың негізгі идеясы - сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе қоғамның жаппай атсалысуына байланысты болатындығы.

    Бүгінгі қоғамымызда шенеуніктер ортасындағы бақылаусыздық пен сыбайлас жемқорлық, пара алу, ысырап ету, алаяқтық, бопсалаушылық, қызмет бабын асыра пайдалану, бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану және тағы басқалары сияқты түрлі әрекеттер арқылы етек алып жатқаны баршаға мәлім. Өкінішке орай, мұның кесірі өмірдің барлық қырына, әсіресе құқықтық мәдениетке тиіп жатыр.

    Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында біршама жұмыстар атқарылуда. ҚР Үкіметінің  2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі эканомикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар Жоспарын» орындау үшін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды одан әрі күшейту, оның тиімділігін арттыру мақсатында, департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтудің 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітіліп, осы жоспарлар негізінде департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында құқықтық жаппай оқу, бірлескен семинарлар,  дөңгелек үстел өткізу, бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми интернет-ресурсына мақалалар жариялау сияқты біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кетсек, 2018 жылдың басынан бері Департаментте «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас мамандарының қатысуларымен 3 рет және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасының бас мамандарының қатысуларымен 2 ретдөңгелек үстелдер өткізілді.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы ретінде өткен дөңгелек үстел отырысы кезінде

    Іс-шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуелдерін жою мәселелеріне арналды. Дөңгелек үстел барысында Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі  Ж. Б. Акмаганбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын себептер мен жағдайлардың алдын алудың маңыздылығына тоқталып  өтіп, «100 Нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан Республикасының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы» механизмдерінің жүзеге асуы және департаменттің  «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы негізінде 2018 жылға арналған Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес, департаментте атқарылған іс-шаралар туралы хабардар етті.

    Дөңгелек үстелде тыңдалған ақпараттар қатысушылар арасында қызығушылық тудырып, олар осындай іс-шараларды тұрақты негізінде өткізуге ниеттерін  білдірді. Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетілді.

      Департамент қызметкерлерінің арасында жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу мақсатында  28.12.2016жылғы  № 884 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы»  бекітілген стандартын басшылыққа ала отырып,бұл өткізіп отырған іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда теңізге құйған тамшыдай біздің тарапымыздан кішкене болса да бір үлесіміз.

      Жалпы, Департаментте 2018 жылдың 11 айы ішінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары мен әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және оның бұзылуының алдын-алу мақсатында атқарылған іс-шаралар саны-12, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және оның бұзылуының алдын-алу мақсатында БАҚ-на жарияланған мақалалар саны-19 ауқымды іс-шаралар атқарылды.

      Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, қорытындысы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетіне және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жолданды.

      Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыс бекерге кетпейді деген сенімдеміз. Сыбайлас жемқорлықты сөзбен емес, іспен жеңуіміз керек!

    Қазақстан Республикасы

    Инвестициялар және даму министрлігі

    Техникалық реттеу және

    метрология комитетінің Маңғыстау

    облысы бойынша департаментінің

    Әдеп жөніндегі уәкілі  Акмаганбетов Жетыбай Билбалаевич

    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +