Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Солтүстік Каспий жобасына 25 жыл

    485
    28 тамыз

    Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау қаласында  «Қашаған-Қазақстанның болашағы үшін» ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

    Конференцияға ҚР Энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев Атырау облысының әкімі Н. Ноғаев, НКОК басқарушы директоры Бруно Жардэн қатысып,  Солтүстік Каспий жобасы туралы тақырыптарды талқылады.

    Шара аясында «Солтүстік Каспий жобасы – Шолу және негізгі кезеңдер туралы» және даму перспективалары  туралы  НКОК басқарушы дирекоры Бруно Жардэн баяндады. «Каспий теңізінің қайраңында алғашқы сәтті қадамдар - Қазақстандағы мұнай барлаудың жаңа кезеңі» туралы - Қазақстан мұнайшы геологтары» қоғамының президенті Балтабек Қуандықов сөз кезегін алды.

    Конференция барысында тараптар қоршаған ортамен биоалуантүрлікті қорғау жөнінде жобаларды талқылап, шешу жолдарына тоқталды.

    Бұл президентіміздің жобасы, еліміздің, тәуелсіз Қазақстанның дамуына қуатты серпін беретін ірі жоба. Мен жақында Ақтау қаласында өткен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының қатысуымен өткен ірі саммитке белсене қатысқаны үшін консорциум басшылығына алғыс білдіргім келеді. Қашаған жобасын іске асыру екі – Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында жүргізілуде - деді Ералы Тоғжанов.

    Қашаған жобасы - Қазақстан дамуына, оның ішінде Маңғыстау өңірінің дамуына айрықша үлес қосқан ауқымды жоба. Нақтырақ айтсақ, Маңғыстау облысы NCOC компаниясымен 20 жылдан бері іскерлік қарым-қатынаста. Осы уақыт ішінде Компания өңір дамуына 600 млн. АҚШ долларынан астам қаржы салды. Тек соңғы 3 жыл ішінде өңір дамуына жыл сайын 25 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды. Іскерлік қатынастағы кезеңде компания 100-ден астам әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырды. Олар - дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, жас мамандарға арналған жатақхана, мектептер мен балабақшалар, спорт алаңдары мен спорт кешендері, автомобиль жолдары, тұрғын үйлер және тағы басқалар. Сондай-ақ, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мұнайшыларды бас мерекемен құттықтады. " Мен бүгінгі ұжымның алдарына қойған міндеттерді толық орындайтынына сенемін. Аз жұмыс атқарылған жоқ, алайда алда әлі де атқарылатын жұмыстар көп. «Нөлдік цикл», қоршаған ортаға ұқыппен қарау, қауіпсіздік техникасының мәселелері – бұл жобаның басында тұрған өзекті міндеттер және күні бүгінге дейін өмірлік маңызды мәселелер болып табылады. Оларды шешу үшін әлемдік мұнай саласының барлық тәжірибесі мен әлеуетін пайдалану қажет, - деп атап көрсетті Нұрлан Ноғаев. 

    Сонымен бірге, конференцияда сөз сөйлеген ҚР Энергетика вице-министрі Мағзом Марзығалиев Каспий қайраңындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективаларын атап өтті. Жаңа кенорындарын ашу инвестициялар салуды, жаңа технологиялар тартуды және жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етеді. Бүгінгі күні консорциум шамамен 16 млн тонна мұнай мен конденсат, 5 млрд текше метрден астам газ өндірді, 700 мың тоннадан астам күкірт экспорттады. Бұл Қазақстанның теңіз жобаларын дамытудың бастамасы ғана.

    Конференцияның соңында консорциумның бірқатар басшылары, жауапты қызметкерлері, жоба ардагерлері «Қазақстанның мұнайгаз саласының еңбегі сіңген қызметкері» төсбелгісімен, «Қазақстанның мұнайгаз саласын дамытқаны үшін» медалімен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +