Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 9 айдағы салық көрсеткіші

    56
    24 қазан

    Елбасымыз 5 қазан күнгі Жолдауында Қазақстандықтардың әл-ауқаты, ең алдымен, табыстарының тұрақты өсімі мен тұрмыс сапасына байланысты деген болатын. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке дейін арттыруды тапсырды. Осы орайда Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Ербол Өтеевпен ағымдағы жылдың 9 айы бойынша басқарма тарапынан атқарылған жұмыстары мен тұлғалардың мүлік, жер салықтары көлік құралдары салығына жүргізілген жұмыстары,  сондай-ақ, қала бойынша салықтық, міндетті зейнетақы төлемдері және әлеуметтік аударымдары жөнінде сұхбат жүргізген болатынбыз.

    -  Бюджеттің атқарылуы бойынша орындалу жағдайы?

    -  Кірістер бойынша, салық басқармасының 2018 жылдың 9 айының жоспарының орындалуы келесідей:

    * Мемлекеттік бюждет 2018 жыл 9 ай бойынша50%орындалды,  жоспар бойынша 26 499млн.тенге, нақты түскен түсім сомасы 13 379млн.тенге немесе -13 119  млн.теңге төмен түсім түсті.

    * Республикалық бюджет – -370 % орындалды, жоспар – 2 455 млн.теңге, нақты түсім сомасы – (минус) – 9 087 млн.теңге немесе (минус) - 11 679 млн.теңгеге кем. Өткен жылмен салыстырғанда түсім қарқыны 78 % немесе 2 475 млн.теңге артық түсім түсті. 2017 жылдың жоспарының орындалмау себебі, нөлдік ставка бойынша ҚҚС тексеріс нәтижелері бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ 26 072,6 млн.теңге қайтарылды. 2018 жылдың 9 айы жоспарының орындалмау себебі, нөлдік ставка бойынша ҚҚС тексеріс нәтижелері бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ-на 19 005,8 млн.теңге ҚҚС қайтарылды.

    *Жергілікті бюджет – 93% орындалды, жоспар бойынша 24 043  млн.теңге, нақты түскен түсім сомасы 22 467 млн.теңге немесе 1 576 млн.теңге кем. Өткен жылмен салыстырғанда түсім қарқыны 116% немесе 3 129 млн.теңге артық түсім түсті.

    -   Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында көрсетілген мемлекеттік қызметтерді және қанша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкелер тіркелген айтып кетсеңіз?

    -  Ағымдағы жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 4 145 салық төлеушінің өтініші бойынша электрондық цифрлық қолтаңба берілді. Яғни, салық төлеушілер салық есептерін 99,9 % электронды түрде табыс етті.«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының2018 жыл 9 айының қорытындысы бойынша электронды түрде 22 036 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ҚР БСАЖ мәліметі бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңіне 01.10.2018 жыл жағдайына 8 481 шағын кәсіпкерлік субъектісі электронды портал «Eliсense.kz» арқылы тіркелген (оның ішінде 6 986 жеке кәсіпкер, яғни өткен жылмен салыстырғанда 424 жеке кәсіпкерге ұлғайғаны байқалады, ал заңды тұлғалар бойынша 1 495 тіркелген, яғни өткен жылмен салыстырғанда 23 заңды тұлғаға ұлғайғаны байқалады,

      - 2018 жылдың 9 айында тоқсанда жеке кәсіпкер тіркеуінен шығарылғаны саны 93, тіркеуден шығарылған заңды тұлға саны 24,

      - МКБ тарапынан 2018 жылдың 9 ай ішінде жалпы 693 салық төлеуші бақылау касса машинасын онлайн режимге тіркетілді.

    -   Жеке тұлғалардың мүлік, жер салықтары көлік құралдары салығына жүргізілген жұмыстары жөнінде мәлімет?

      -  01.01.2018 жылы басында көлік салығы бойынша берешегі бар саны 1 388  жеке тұлғаға, соммасы 43 192 мың.теңге құрады, оларға жыл басынан 1 388 хабарлама, 43 192 мың.теңгеге жіберілді.

      - 01.10.2018ж. жеке  тұлғалардың берешегі көлік салығы саны 852 жеке тұлға,  сомасы 31 261 мың.теңге құрады. Бүгінгі таңда көлік салығын өндіру барысында  жергілікті жол полициясы қызметкерлерімен рейдке шығып 25 салық төлеушіден, сомасы 2 857 мың.теңге өндірілді,

      - 01.01.2018 жылға мүлік салығы бойынша берешегі бар саны 6 194 жеке тұлға, сомасы 5 433 мың.теңге, жер салығы саны – 6 883 жеке тұлға, сомасы 2 402 мың.теңге құрады.

      - 01.10.2018 жылға  мүлік салығы бойынша берешегі бар  саны 3 654 жеке тұлға, сомасы 3 316,0 мың теңге, жер салығы саны 4 671 жеке тұлға, сомасы 2 262  мың.теңге құрады.

      - Берешекті өндіру мақсатында саны 124 іс сот орындаушыларға жолданып,  оның ішінде саны 89 жеке тұлғадан, сомасы 224  мың.тенге өндірілді.

      - СТЖ СОТ (РНИОН) бағдарламасы бойынша мүлік салығы бойынша саны 26 385 жеке тұлғаға, сомасы 7 572 мың.теңгеге, жер салығы бойынша саны 26 500 жеке тұлғаға, сомасы 4 900 мың.теңгеге есеп бетшелеріне есеп жүргізіліп  хабарлама жолданды.

    -  Қала тұрғындары үшін салықтық, міндетті зейнетақы төлемдері және әлеуметтік аударымдардың берешектеріне қандай?

    -   01.10.2018 жылғы Жаңаөзен қаласы бойынша салық берешектері 168 423 мың.теңге құрады. 01.01.2018 жылмен 276 456 мың.теңге салыстырғанда берешек сомасы 108 033мың.теңгеге немесе 60 %-ға кеміді.

    Салықтық берешектерді азайту мақсатында келесідей мәжбүрлеп өндіру шаралары жүргізілді.

    - Банк шоттары және касса бойынша 9 128 салық төлеушінің сомасы 1 192 599 мың.теңге көлемінде шығыс операциялары тоқтатылды;

    - Мүлікті шектеу туралы 431 салық төлеушіге 493 227 мың.теңгеге шешімдер шығарылды,

    - Банк шоттарына 729 салық төлеушіге 666 575 мың.теңгеге инкассалық өкімдер шығарылды. 

    - 6 дебитордың шоттарына 36 617 мың.теңгеге инкассалық өкімдер қойылды.

    01.10.2018 жылғы міндетті зейнетақы төлемдері бойынша берешектері 2 299мың.теңге құрады. 01.01.2018 жылмен (3 027 мың.теңге) салыстырғанда берешек сомасы 728мың.теңгеге немесе 76%-ға азайды.

    01.10.2018 жылғы әлеуметтік аударымдар бойыншаберешектері 1 058мың.теңге құрады. 01.01.2018 жылмен (865 мың.теңге) салыстырғанда берешек сомасы 193 мың.теңгеге немесе 82 %-ға өсті.

    Сондай-ақ, жыл басынан бері берешек сомаларын уақытылы төлемеу себептеріне байланысты, 2 салық төлеуші Маңғыстау облысының ауданаралық экономикалық сотының 02.02.2018 жылғы №4712-18-00-2/96, 02.03.2018 жылғы №4712-18-00-2/246 және 06.09.2018 жылғы №4712-18-5-29/7213 санды шешімдерімен банкрот деп танылды:

    -  «KESA Capital» ЖШС-гі бойынша салық берешектері 3 912 мың.теңге,

    - «ОСАТ-ойл сервис» ЖШС-гі салық берешегі 2 560 мың.теңге,

    - «Вест Дала-Мангистау» ЖШС-гі салық берешегі 147 589 мың.теңге.

      -  Камералдық бақылау дегеніміз не және ол  бойынша қандай жұмыстар жүргізілді?

    - Камералдық бақылау - ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне бармай Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны. АлЖаңаөзен қаласын бойынша, МКБ 01.01.2018–01.10.2018жж. аралығында ауытқулықтар сомасы 8 502 236 мың.теңге құрайтын заң бұзушылықтарды жою туралы 317 автоматтандырылғанкамералдық бақылау бойынша хабарлама жолданды. Хабарламаны орындау кезінде, салық төлеушілердің дербес шоттарына жалпы сомасы 680 828мың.теңге құрайтын салық жүргізіліп, нәтижесінде 680 828мың.теңге мемлекет бюджетіне өндірілді. Қабылданған шаралар:

    -  банктегі есеп шоттары тоқтатылды - 85 салық төлеуші:

    -  Аудитке жолданды - 2 салық төлеуші,

    -  Жеке тұлғалардың мүліктік табысын әкімшіліктендіру.

    -  Уәкілетті органның деректеріне сай 1 жыл мерзім ішінде жылжымайтын мүліктерін сатылымын жүзеге асырған салық төлеушілер бойынша, мемлекет бюджетіне қосымша жеке табыс салығын түсіру бойынша әкімшіліктендіру жұмыстарын атап кетсеңіз?  

    -   Уәкілетті органның деректеріне сай 1 жыл мерзім ішінде жылжымайтын мүліктерін сатылымын жүзеге асырған салық төлеушілер бойынша 240.00нысаны бойыншаұсынылмауына байланысты камералды бақылау жүргізілді. 01.01.2018-01.10.2018жж. аралығында камералдық бақылау нәтижесінде 375,3 мың.теңге сомасында мүліктік табыс тапқан 11 салық төлеуші анықталып, аталған 11 салық төлеушіге хабарлау жолданып, нәтижесінде 11 салық төлеуші бойынша расталып жалпы сомасы 375,3 мың.теңге өндірілді. 

     

    -   Қаламыздағы жалдамалы тұрғын үйді жалдауға беру бойынша қандай жұмыстар атқарылды? Уәкілетті органның деректеріне сәйкес қоршаған ортаға эмиссиялық төлемақыға түсіру бойынша әкімшіліктендіру жұмыстарын атасаңыз?

    -   Жаңаөзен МКБ мен Жаңаөзен қаласының Жергілікті полициясымен 25.01.2016 жылғы біріккен жұмыс жоспарын орындау мақсатында, келіп түскен мәліметіне сәйкес жалдауға пәтер беретін 23 салық төлеуші бойынша деректер алынды. Нәтижесінде, 23 жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүзеге асырылып, 17 салық төлеушіден 113 мың.теңге құрайтын сомасына салық есебін ұсынды. 

       

    162салық төлеушіге жалпы сомасы 59 702 мың.теңге құрайтын камералдық бақылау бойынша анықталған заң бұзушылықты жою туралы хабарлау және хабарламаларжолданып, нәтижесінде 137салық төлеушіден мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 56 226 мың.теңге өндірілді.

    -   Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшектеп сату бойынша лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыға қанша салық тіркелген және бюджетке түскен сомасын атап кетсеңіз:

    -   01.01.2018–01.10.2018жж. аралығында алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшектеп сату бойынша лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілердің дербес шоттарына есеп жүргізіліп, нәтижесінде лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыны (БЖК 105434) төлейтін 136 салық төлеушіден жалпы сомасы 15 975 мың.теңге мемлекет бюджетіне түсті.

    -   Ағымдағы жылдың басынан қанша тексеру, тексерудің өсуі немесе азаюы, қолданылған шаралар,  тақырыптық (рейдтік) тексерулерді айтып кетсеңіз?

    -  Осы 9 ай аралығында жоспардан тыс 35 тақырыптық (рейдтік), 1 тематикалық және 21 қарсы тексеружүргізілді,тексеру саны 2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 98 азайып, төмендеу қарқыны (54%). Оның ішінде, тақырыптық (рейдтік) тексеру нәтижесімен заң бұзушылықтаранықталып, ҚР ӘҚБтК сәйкес келесідей әкімшілік шаралар қолданылды:

    - ҚР ӘҚБтК 282 бабы 3 тармағы 7 тармақшасына сәйкес алкоголь өнімдерін ілеспе жүк құжаттарынсыз сату, тасымалдау жүргізу, ҚР Қаржы Министрінің 19 қаңтардағы 2015 жылғы №35 Бұйрығы бойынша «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану туралы ережесіндегі тәртібін сақтамаған - 1 заңды тұлға,

    - ҚР ӘҚБтК 284 бабы 1 тармағына сәйкес бақылау касса машинасын тіркемеу, Салық Кодексінің 167 бабына сәйкес қолма-қол ақша қабылдап дүкен ішінде сауда саттықпен айналысқаны үшін – 18 жеке кәсіпкер,

    - ҚР ӘҚБтК 284 бабы 2 тармағына сәйкес бақылау касса машинасын тіркемеу, Салық Кодексінің 167 бабына сәйкес қолма-қол ақша қабылдап дүкен ішінде сауда саттықпен айналысқаны үшін – 1 жеке кәсіпкер,

    - ҚР ӘҚБтК 284 бабы 3 тармағына сәйкес бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртiбiн сақтамау, Салық Кодексінің 167 бабына сәйкес тұтынушыға бақылау-кассалық машинаның чегін немесе тауар чегін бермегені үшін – 2 жеке кәсіпкер,

    - ҚР ӘҚБтК 463 бабының 1 тармағына сәйкес, салық органына жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей заңсыз кәсіпкерлік қызметін ұсыну, Салық Кодексінің 79, 88 бабтарына сәйкес жеке тұлға кәсіпкерлік қызметімен айналысу үшін, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға ҚР рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібермеу және Жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоймағаны үшін – 12 жеке тұлға,

    - ҚР ҚК 307 бабына сәйкес ойын автоматтары залдарын ашып және ойыншылардан қолма-қол ақша қабылдап заңсыз ойын бизнесін жүзеге асырып қылмыстық жауапкершілік әрекеті орын алуы бойынша тексеру нәтижесінің құжаттары Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік Кірістер Департаментінің Экономикалық Тергеу Қызметіне жолданды - 1 жеке тұлға.

    -  Жаңаөзен қаласы бойынша тіркелмеген заңсыз кәсіпкерлікпен айналысушы субектілерді анықтау немесе салық төлеушілердің салықты уақтылы төлемеу/төлеуі жөнінде  қандай фактілер анықталды?

    -  Маңғыстау облысының әкімі Е.Тогжановтың 08.01.2018 жылғы аппараттық тапсырмасының 7 бөлімін, Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің басшысы Ә.Тілегеновтың 03.04.2018 жылғы №АС-10, 14.05.2018 жылғы №АС-15 санды аппараттық тапсырмасын және Маңғыстау облысы бойынша МКД-нің 11.04.2018 жылғы №МКД-07-4-20-5364 санды келіп түскен тапсырмасын орындау мақсатында жүргізілген тексерулер нәтижесінде,  қаламызда орналасқан базарлардың мәліметімен, «Бөкен-Жәнібек» базары, «Жібек Жолы» базары, «Заңғар» сауда үйі, «Шаңырақ» сауда үйіне, «Ақмарал» базары, қала ішілік тұрақты тасымалдауда №1,5,6,11 маршруттары арқылы жолаушылар тасымалымен айналысатын, таксиқызметін ұсынатын, шаштараз, маникюр және педикюр қызметін, фотография және өнер саласында (асаба, келін кіргізу, қыз ұзату, әнші, бала той)және Жергілікті полиция қызметінің мәліметіне сәйкес мүлікті жалға беру қызметін жүзеге асырыпжеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеусіз жеке кәсіпкерлікпен айналысып отырғандары анықталды.

    18.06.2018 жылы №03 санды жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы шешімі қабылданып, 19.06.2018 жылы №13 санды нұсқама тақырыптық (рейдтік) тексеру жасақталып, нәтижесінде 19.06.2018-01.07.2018жж. аралығында «Бөкен-Жәнібек» базары, «Заңғар» сауда үйіне тақырыптық (рейдтік) тексеру жүргізілді.

    Сонымен қатар, ҚР БСАЖ мәліметіне сәйкес 01.01.2018-01.10.2018жж. аралығында 1 130 жеке тұлғаны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу жүзеге асырылып, оның ішінде «Бөкен-Жәнібек» базары, «Жібек Жолы» базары, «Заңғар» сауда үйі, «Шаңырақ» сауда үйінен, «Ақмарал» базарынан жалпы саны 562 тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану жүзеге асырылды. 

    Осы мүмкіндікті пайдалана отырып,қала тұрғындарын Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерей тойымен құттықтаймыз, 50 жылда адам танымастай ғажайып шахарға айналған қаламыздың бұлай өркендеп-өсуіне, қаламыздың экономикасы, халқының әлеуметтік хал-жағдайы жоғарғы қарқынмен дамып, көркейе беруіне тілектеспін. 

     

    Сұхбаттасқан Айтолқын Меңдібаева


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +