Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

    90
    23 қазан

    «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 93 бұйрығына өзгеріс енгізілді.

    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек - жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

    Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адам немесе отбасы атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Орталыққа, ал тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Үміткер адам немесе отбасы жүгінуі процесінде оған консультация беріледі, оның барысында:

    1) мынадай:

    ·  шартсыз және шартты ақшалай көмек алу шарттары туралы;

    ·  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;

    ·  әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшартқа

     қатысушы тараптардың міндеттемелері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;

    ·  атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін азайту және (немесе) тоқтата тұру шарттары туралы;

    ·  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізбесі туралы;

    ·  мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен

    сұратылатын мәліметтер тізбесі туралы ақпарат беріледі;

    2) адамның немесе отбасының жан басына шаққандағы орташа табысын және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін алдын ала есептеу жүргізіледі.

    Консультацияны Орталықтарда консультанттар, ал адам әкімге жүгінген жағдайда ассистенттер береді.

    Консультация беру нәтижелері бойынша адам немесе отбасы өз тарапынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға

    өтінішпен жүгінеді.

    Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

    1) жеке басты куәландыратын құжат, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ыхтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі – сәйкестендіру үшін;

    2) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

    3) атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шот

    нөмірі туралы мәліметтер;

    4) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі;

    5) өтініш берушінің деректерінде баланың туу туралы куәлігіндегі деректерден айырмашылық болған жағдайда неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы куәлік;

    6) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса, оқу орнынан жылына бір рет сұратылады.

    Шартсыз ақшалай көмек тағайындау

    Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі күнкөрісі төмен адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:

    1) жалғызілікті және жалғыз тұратын күнкөрісі төмен:

    ·  зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;

    ·  бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

    ·  екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетінаурулары бар адамдар;

    2) күнкөрісі төмен отбасылардың еңбекке қабілетті жастағы мүшелерініңбарлығы:

    ·  бірінші және екінші топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, үнемі бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарияларға күтімді жүзеге асыратын адамдар жатады.

    Шартсыз ақшалай көмекті уәкілетті орган өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындайды және ай сайын төленеді.

    Шартсыз ақшалай көмекті алушы тоқсан сайын:

    ·  отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы;

    ·  отбасының құрамы туралы мәліметтерді ұсынады.

    Отбасының жиынтық табысы және (немесе) отбасының құрамы өзгергенжағдайда шартсыз ақшалай көмектің мөлшері өтініш беру айынан бастапағымдағы тоқсанның соңына дейінгі мерзімге дейін қайта есептеледі.

    Шартты ақшалай көмек тағайындау

    Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолдану мерзіміне (алты айға дейін) тағайындайды, әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге ай сайын немесе біржолғы төлем ретінде төленеді.

    Біржолғы шартты ақшалай көмек үш айда бір рет төленеді.

    Біржолғы төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуді, тұрғын үй сатып алуды қоспағанда) ғана қолданылады.

    Шартты ақшалай көмек тағайындаудың шарттары мынадай:

    ·  жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларына қатысу бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетілген әлеуметтік келісімшарт жасасу;

    ·  күнкөрісі төмен еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысуы.

    Күнкөрісі төмен отбасының мынадай мүшелеріне:

    ·  бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

    ·  күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;

    ·  екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдарға;

    ·  жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;

    ·  тұрақты жұмысы бар адамдарға шартты ақшалай көмек тағайындау кезде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу міндетті шарт болып табылмайды.

    Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті  ауылдарға барып түсінік жұмыстары жүргізілуде.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +