Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Тамыз кеңесі

    124
    27 тамыз

    27 тамыз күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» атты Жолдауының тақырыбында, білім беру саласының реформалары мен өзгерістері, алға ілгерілету мәселелері және жеткен жетістіктері баяндалатын дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

    Кеңеске, қала әкімі Әділбек Дауылбаев, облыстық білім басқармасының өкілі Клара Құлатаева, мемлекеттік мекеме басшылары, ұстаздар қатысты.

    Құттықтау сөз алған қала әкімі, Жолдау аясында білім беру ісінде озық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білім берудің жаңа сапасына көшуді басты мақсат етіп белгілегенін атап өтіп, оған толықтай мүмкіндіктер бар екенін жеткізді.

    Шара аясында, қала әкімі білім саласына қосқан үлесі үшін 17 ұстазды Алғыс хатпен марапаттап, бірқатар мектеп оқушыларына оқу құралдары салынған мектеп сөмкесі мен қаржылай сыйлық табыстады.

    Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының өкілі К.Құлатаева облыс көлемінде білім саласында атқарылып жатырған жұмыстар туралы айтып өтіп,  ҚР білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі мен орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауға белсенді қатысқаны үшін, мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Ұлжан Құттыбаева мен №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шалқы Медеповаға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын,  Әсел Молдабекова Ләззат Тегеусізоваға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатын, Білім саласына қосқан үлесі үшін, №7 мектептің технология пәнінің мұғалімі Ұштап Жанмұхамедова, №11 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Юсупбай Сәбенов, мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Орынша Нығманова, «Балапан» балабақшасының әдіскері Нұрынша Бисебаева, «Ертегі» балабақшасының директоры Қарлығаш Жолдасова, №15 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Ұштап Жолжанова, Алғыс хатпен №10 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зәуреш Әзбергенова, «Шапағат» балабақшасының психологы Күлән Жұбаева, «Ақмарал» балабақшасының тәрбиешісі Ботакөз Аманқұлова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Шара соңында, 14 жас маман педагог қатарына қабылданып, жиналғандардың алдында ант етті. Жас мамандарға, қалалық білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиев еңбек кітапшасын табыстап, ұстаздық жолға басқан қадамдарына ақ жол тіледі.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +