Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 2018 жылдың алғашқы 6 айы бойынша БЖЗҚ-ның қашықтықтан және көзбе-көз қызмет көрсету қорытындысы

    389
    20 тамыз

    БЖЗҚ 2018 жылдың 1 шілдесіне қарай салымшыға шот ашудан бастап, зейнетақы төлемдерін алуға дейін оған электрондық форматта барлық негізгі қызметтерді көрсете алады. Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру бойынша компанияларға аудару және ерікті жарналар бойынша төлемдер алу секілді онлайн-сервистер әзірленіп жатыр. Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер, жерлеуге және мұрагерлерге берілетін төлемдер осы қызметтер бойынша құжаттар ұсынудың ерекшелігіне байланысты электрондық сервистер қатарына енгізілмеді.

    Электрондық цифрлық қолтаңбаға ие бола отырып, Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беруге, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алуға, жеке деректемелерге өзгерістер енгізуге, интернет хабарландыруды таңдай отырып, ақпарат алу тәсілін өзгертуге, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш жолдап, оның орындалу барысын қадағалауға болады.

    Сонымен қатар ағымдағы жылдың алғашқы жартысында жаңа «Жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтініштің көшірме-нұсқасын алу» электрондық қызметі, сондай-ақ «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдасына шарт жасасу» сервисі әзірленіп, іске қосылды.

    Одан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2018 жылдың мамырында танымал Telegram мессенджері үшін өзінің ботын іске қосты. Пайдаланушылар жаңа қызметтің көмегімен қысқа үзінді-көшірме алу немесе үзінді-көшірмені электрондық поштасына жіберу, Жеке кабинетке кіру паролін қайта қалпына келтіру, Қордың маңызды жаңалықтары және ағымдағы көрсеткіштерімен танысу, сондай-ақ, оның ең жақын бөлімшесін табу мүмкіндігіне ие болды.

    Сонымен қатар салышылар және алушылармен өзара байланысты нығайту және кеңейту мақсатында есепті кезеңде жаңа «WhatsApp» қызметін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол салымшылар мен алушыларға, олардың ішінде шетелде жүргендерге жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді. Жаңа арна шілде айында іске қосылды.

    2018 жылдың алғашқы жартысында электрондық арналар арқылы 7,5 млн қызмет көрсетілді. Бұл есепті кезеңде көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінің 72 пайызын құрады. Бұл ретте Қор кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 2,9 млн операция орындалды.

    Маңғыстау облысы бойынша 268 154 электронды қызмет түрі көрсетілді, бұл Маңғыстау облыстық филиалының көрсеткен қызметтерінің жалпы көлемінің 69% -ын құрайды. Филиалдың дербес қызмет көрсету орталықтарында және кеңседен тыс 122 149 қызмет көрсетілді.

    Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторын қолдана отырып, салымшыларға болашақ зейнетақыны жоспарлау бойынша ақыл-кеңес беріп келеді. Үш ай ішінде (2018 жылдың 2 сәуірі мен 30 маусымы аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша келушілермен 118 517 кеңес өткізілді.

    Маңғыстау облыстық филиалы бойыныша 4 783 салымшыға жеке кеңес берілді.

    2018 жылдың шілдесінде enpf.kz сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде жаңа қызмет – ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметі іске қосылды. Оны пайдалану үшін салымшылар мен алушыларда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті болуы керек.

    Қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейде екендігін халықаралық сарапшылар растап отыр. 2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

    «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

    БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +