Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • КЕДЕН ОДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІ 014/2011«Автокөлік жолдары қауіпсіздігі»

    785
    20 маусым

    Қазақстанның автокөлік жолдары— елді мекендер мен жекелеген объектілерді біріктіретін және тасымалдау құралдарының қозғалысын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған  Қазақстан аумағындағы жолдар желісі. Жалпы пайдаланымдағы көлік жолдарының желісі 96 мың шаршыны қамтиды, олардың көпшілігі жөндеуді және қайта жаңғыртуды қажет етеді. Қазақстан арқылы 5 халықаралық автокөлік өтеді, маршруттарының жалпы ұзындығы 23 мың шаршы.

    Қазіргі экономика жолдардың сапалы болуын талап етеді. Ол тек қазақстандық бизнес қажеттілігі емес, сонымен қатар шет мемлекеттің де басты қажеттілігі.

    Барлық жол қиылысы аумағынының сапасының қалыпты болуы сөзсіз мүмкін емес. Сондай-ақ, айта кететін жайт нашар жолдың кесірі тікелей жол көлік қозғалысы қақтығысының артуына әкеп соқтырады.

    Cапалы жол жөндеуіне бюджеттен көп қаражат бөлінуде. Иә, қаражатты көп қажет етеді, алайда көп бөлінген сайын жетпей келеді.

    Германиядағыдай жол жөндеуін жүргізуші кәсіпорын жөндеу сапасы үшін белгілі бір уақытқа дейін персоналды жауапкершілікте болу тәжірибесін пайдалануға да болады. Егер де қандай да бір түзету жұмыстарын жөндеу қажеттілігі туындаса, мекеме өз қаражатымен қайтадан тегін қызмет көрсетеді. 

    Автокөлік жолдарына және жобалау, құрылысын салу, қайта салу, күрделі жөндеу мен пайдалану процесіне қойылатын ең төменгі қажетті талаптарды белгілейтін залал тигізу қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сондай-ақ, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру шеңберінде автокөлік жолдарының, соның ішінде халықаралық тасымал дәліздері қауіпсіздігі бойынша ортақ талаптарды қамтамасыз ету мақсатында Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешімімен «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» 014/2011 Кеден одағы техникалық регламенті бекітілді.

      Техникалық регламент 2015 жылы 15 ақпаннан бастап күшіне енді. Күшіне енген күннен бастап талаптары автокөлік жолдары мен ондағы жол ғимараттарының жобалау, құрылыс жүргізу, қайта жөндеу жұмысында, күрделі жөндеу мен пайдалану процесіне Кеден одағы мүше мемлекеттер аумағында міндетті болып саналады.

      Аталған регламенттің талаптары өнеркәсіптік, құрылыс, орман және қорғаныс қажеттілігі үшін салынатын және арнайы шеттетілген аймақтарда орналасқан немесе тек спорттық мақсатта уақытша пайдалану үшін арналған басқа да өндірістік кәсіпорындардың автомобиль жолдары сияқты жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарына жатпайтын автомобиль жолдарына таралмайтынын ескеріп өткен жөн!!!

    Жол белгілеріне қатысты «Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі туралы» 014/2011 КО ТР-нің кейбір маңызды талаптарына тоқтала кетейік:

    -  жол белгілері олардың көрінуін қамтамасыз ететін халықаралық және өңірлік стандарттарда, ал ол болмаған жағдайда – ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының қабылданған техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарында белгіленген берілген сипаттамаларға ие болуға тиіс. Сәйкес жол белгілерінің орналасуы көлік құралдарының жүргізушілеріне және жүргіншілерге жол жағдайының өзгергені және қозғалыстың рұқсат етілген режімі туралы дер кезінде хабарлауды қамтамасыз етуге тиіс.

    -  әрекеті қолдану талап етпейтін уақытта мерзімдік сипаты бар уақытша жол белгілері мен жол бағдаршамы қаптамамен жабылуға тиіс. Жол қозғалысын ұйымдастыру кезінде уақытша техникалық құралдарды қолдану қажеттілігін тудырған себептерді жойғаннан кейін олар жинақталуы ашылуға тиіс.

      Автомобиль жолдары мен ондағы жол ғимараттарының осы техникалық регламентке сәйкестігі халықаралық және өңірлік стандарттардың, ал ол болмаған жағдайда ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының қабылданған техникалық регламентінің және сәйкестікті бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті талаптарды сақтау қамтамасыз етілетін Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының талаптарын орындап немесе қауіпсіздікке қоылатын талаптарды тікелей орындап қамтамасыз етіледі.

    Бұйымдарды сертификаттауды Кеден одағының Сертификаттау және сынақ зертханалары (орталықтары) бойынша органдардың бірыңғай тізіліміне енген сертификаттау (сәйкестікті бағалау (растау) бойынша аккредителген органы жүргізеді.

    Сәйкестік туралы декларация Кеден одағының Комиссиясы бекіткен тәртіпке сәйкес тіркелуге жатады. Сәйкестік туралы декларацияның күші оны тіркеген күннен басталады. Сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі бес жылдан артық емес.

    Сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты жол-құрылыс материалдары мен бұйымдардың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын жалғыз құжат болып табылады.

    Сонымен қатар, регламентте сертификаттау және сәйкестік декларациясы формасында сәйкестікті растауға жататын жол-құрылыс материалдарының тізімі қарастырылған. http://www.eurasiancommission.org/

    Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы – Маңғыстау облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасары

    Акмаганбетов Жетыбай Билбалаевич.



    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +