Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • «Саламат Мұқашев. Маңғыстау кезеңі» атты кітап жарық көрді

    837
    23 мамыр

    Биыл мемлекет және қоғам қайраткері,Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі VII-XI  шақырылымының депутаты болған Саламат Мұқашевтың туғанына 90 жыл. Қазақ даласының дара тұлғасын еске алып, еңбегін қалың бұқараға кеңінен таныстыру үшін Маңғыстау төрінде салтанатты шара ұйымдастырылды. Астана қаласының 20 жылдығы және ақмаржан Ақтау қаласының 55 жылдығына тұспа-тұс келген кешке Саламат Мұқашұлының өмірлік жары Мәриям Сәлімгерейқызы мен ұл-қыздары және көптеген қоғам қайраткерлері қатысты. Ғалымның көзі тірісінде қызметтес болған әріптестері мен үзеңгілес достары Мұқашұлының еңбек жолын Мақат мұнай өндіру кәсіпорнында қарапайым жұмысшы болудан бастап, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасына дейінгі қызмет атқарғанын атап өтті. Төккен тері мен еткен еңбегінің арқасында ұзақ жылдар бойы басқа­рушы лауа­зымда жүріп, көптеген жас ма­мандарға өмірлік жолдама берген білікті ұстаз екіні белгілі. Қоғам қайраткерінің 90 жылдығына орай  «Саламат Мұқашев. Маңғыстау кезеңі» атты кітаптың тұсауы кесілді. Жиында сөз алған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов: «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Ел үшін еңбек ету – асыл іс. Әрбір азаматтың әрқашан Тәуелсіз Қазақ Елінің қалыптасуына әрі гүлденуіне өз үлесін қосуы басты борышы». Саламат Мұқашұлы дәл осындай жауапкершілікті абыроймен атқара білген азамат. Саламат ағамыз еңбек жолын Мақат мұнай өндіру кәсіпорнында қарапайым жұмысшы болудан бастап, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының төрағасына дейінгі қызмет атқарғанын жақсы білеміз. Жетекші кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерін үнемі на­зарында ұстап, олардың көпшілігінен жо­ғары дәрежелі басшылар шыққанына куә болды. Қазақ даласының біртуар азаматы - Саламат Мұқашұлы шығармашылық жұмыстармен де айналысты. Олай болуы да заңдылық, өйткені рухы биік тұлғаның көргені көп, тәжірибесі мол, айтары бар азамат еді. Өнегелі өмірдің таным-тағылымдарын қағаз бетіне түсіріп, ұрпаққа мирас ретінде 7 кітап қып қалдырды», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +