Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • 2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы 4,5 млрд. АҚШ долларынан асты

    754
    02 мамыр

    Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері, транспорт пен логистиканы цифрландыру мәселелері қаралды.

      Аппарат отырысында экспорттық саясат және экспорттаушыларды қолдау туралы Маңғыстау облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Абдықадыров баяндады.

    Маңғыстау облысы экспорттық-импорттық операцияларды әлемнің 89 елімен жүзеге асырады, оның ішінде экспорттық операцияларды 37 елмен, импорттық операцияларды 86 елмен қарым қатынас жасайды (импортты Армения, Ауғанстан және Тунис елдерімен жүзеге асырады).

    «2017 жылы Маңғыстау облысының тауар айналымы  4 556,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2% өскен.  Сыртқы сауда теңгерімінің оң сальдосы 4 006,6 млн. АҚШ долл. құрады. Сондай-ақ, 2018 жылға қарай аймақ бойынша тауарлар экспорты 28,7 млн. АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

    Аймақтағы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар жүргізілді. 2017 жылы АҚ "Қазазот", "Экспорттаушы-2020" желісі бойынша жалпы сомасы 6,0 млрд. теңге жеңілдікпен кредит берілді (9,0%). Астық терминалы "Ақ-бидай" "Экспорттаушы-2020" бағдарламасы аясында  "шетелдегі инвестицияларды сақтандыру" құралын пайдаланды. "Өнімділік 2020 "Бағдарламасы шеңберінде" "Қазазот" ЖШС индустриялық-инновациялық жобаны әзірлеуге және сараптауға арналған жоспарын жасақтауға жұмсалған 3 млн. теңге шығынын мемлекет өтеді. "Өнімділік 2020 "Бағдарламасы шеңберінде" АО "Arcellor Mittal Products Aktau" АҚ құзыреттілігін арттыруға жұмсалған 14 млн. теңге шығындарын мемлекет өтеді.

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері туралы Маңғыстау облысы бойынша табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Сержан Сихымбекұлы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтар айынан бастап тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 50 өтініш түсті. Көбінесе тұтынушылар құқықтарының бұзылуы сапасыз тауар сатып алумен, сапалы қызмет көрсетілумен байланысты болады.Облыс тұрғындары көбінесе сапасыз тауарды қайтарып беру, жиһазға тапсырыс бергенде сапасыз қызмет түрін алу сияқты мәселелермен кездеседі. 

      Транспорт пен логистиканы цифрландыру туралыоблыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ӘлібиКөшірбаев баяндама жасады.

      Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында әуе, теміржол, теңіз және жолаушылар тасымалы жұмысында цифрландыру бағдарламасы қолданылады.Автобус паркін жаңартқаннан кейін, жолаушылар тасымалы мен электрондық билеттерді бақылау жүйесі - «InfoBus» мобильді қосымшасы іске қосылады.Бұл жүйе көлік құралдарының қозғалысын, оның белгіленген бағдардан ауытқуын, көрсетілген бақылау нүктелерінің нақты келуін, тоқтау уақытын және сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +