Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Түпқараған ауданында жеке фермерге 15 млн. теңге субсидия берілді

    1506
    20 қаңтар

    Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Түпқараған ауданындағы жұмыс сапары барысында екі ауылдың тұрғындарымен кездесті.

    Түпқараған ауданында 29 мыңнанастам тұрғын бар. Аймақта ірі мұнай және мұнай сервистік компаниялары жұмыс істейді. Сондай-ақ мұнда құрылыс материалдары өндірісі өркендеуде. Жергілікті халық түйе, жылқы, қой өсірумен айналысады.

    «2017 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 521,4 млрд. теңгені құрады.  Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1759,8 млн. теңге сомасында өндірілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 123,2 млн. теңге 4 жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді.2017 жылы 4245 жаңа жұмыс орны құрылды. Ауданда 7 мемлекеттік медициналық мекеме, 11 балабақша, 6 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме, 9 жалпы білім беретін мектеп бар. Үш ауысымдық оқытуды жою үшін 2018 жылдың қыркүйек айында  Сайын Шапағатов ауылында 600 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды», - деді аудан әкімі Темірбек Асауов.

    Қызылөзен ауылының тұрғындарымен кездесу барысында ішкі жолдарды жөндеу мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Ауылға су таситын көліктер арқылы су жеткізіледі. Ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 7592,8 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу керек.  Ералы Тоғжанов қаржыны нақтылапЖСҚ-ға бөлу туралы нұсқау беруді тапсырды.Сондай-ақ, ауыл тұрғындары жергілікті мектептердегі мұғалімдердің жетіспеушілігі, интернет желісімен қамту және ауыл жастарын жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

    «Біз жастарға өз бизнесін қалай бастау керектігін үйретуіміз қажет. Егер дұрыс бағыт көрсетілсе, жастарымыз табысқа жетеді. Сондықтан оқуға дайын және үйренуге ниетті жастарды жинап, бизнес жүргізу бойынша Ақтауда курстар немесе тренингтер ұйымдастыру керек», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

    Баутин ауылының тұрғындар саны - 4,554 адам. «Нұрлыжол» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражаты есебінен «Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылын сумен жабдықтау және кәріздік жүйелерді енгізу» жобасы іске асырылуда. Осы мақсатта 1450,4 млн. теңге бөлініп, игерілді. Ауылда 52 шаруашылық объектісі,  8,5 мың мал басы бар. Баутин ауылында 50 кәсіпкер балық аулаумен айналысады. Ауыл тұрғындары балық аулауға субсидия қарастыруды сұрады. Олардың айтуынша, бұл балық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешуге көмектеседі. Баутин ауылының әкімі Дәулеткерей Меңдіханов қазір ауылда балық қабылдау пункті, консервілеу цехтері үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді. Техникалық-экономикалық негіздеме дайын болғаннан кейін, барлық жобалар инвесторларға ұсынылады. Сондай-ақ, Агро-Кредиттік корпорациясымен ынтымақтастық негізде жұмыс істеу қарастырылуда.

    Аймақ басшысы  туризмге қатысты бірқатар мәселені көтерді:

    «Баутин ауылының дамуы туралы, балық аулау фермаларынан бастап, мал шаруашылығы, бүкіл жағалау бойы жаппай демалатын орындарға тексеру жүргізу туралы толық есеп дайындауға бір апта уақыт беремін. Сондай-ақ, мұнда жұмыс істейтін жеке компаниялардың ауданның әлеуметтік дамуына нақты қандай көмек көрсетіп жатқанын білгім келеді. Кемелері бар барлық компанияның жергілікті балықшыларға әлеуетті көмек көрсететін мүмкіндіктері бар».

    Сондай-ақ, облыс басшысы Бегеш ауданындағы мал шаруашылығымен айналысатын шағын ауылға барды. Сәндібек Қосуақовтың фермасында 3,5 мың қой, 300 сиыр, 300 жылқы бар. Өткен жылы жеке кәсіпкерге 15 миллионнан астам теңге субсидия берілді.

    «Шаруашылықты дамыту үшін 500 млн. теңгеден астам жеке инвестиция жұмсалды. Сондай-ақ біз 17 км электр энергиясын тарттық, ең бастысы – мал сатып алдық. Біздің шаруашылықта 43 адам жұмыс істейді. Биылғы жоспарымыз – мал санын 10 мыңға дейін арттыру», - деді Сәндібек Қосуақов.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +