Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Ақшұқыр, Сайын ауылының ардагерлерімен кездесті. Тұрғындар облыс әкімінің жаңа қызметіне табыс тілеп, ауылда орын алып тұрған басты проблемаларды ортаға салды. Айта кетейік, халықты толғандыратын негізгі мәселелер ауылішілік жол, газ, ауыз су тапшылығы және көше тазалығы.
- Әкімдер халықпен жиі кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта жүзеге асыруы қажет. Әр ауылда қауымдастық, қоғамдық кеңес болады. Мұның барлығы тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдау үшін, оларға мардымды жауап қайтарылу үшін ұйымдастыралатын шаралар. Осы жиындарды уақытылы өткізіп, халықпен жиі кездесулер ұйымдастырып тұруды тапсырамын, - деді аймақ басшысы.
Осыдан кейін облыс әкімі Форт-Шевченко қаласына барып, Түпқараған ауданының әкімі Айдос Хамиевтің есебін тыңдады.
- Қазіргі таңда Форт-Шевченко қаласында ауыз су тапшылығы байқалады, осыған орай аудан орталығынан 2 су ұңғымаларын қазу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, су тұщыту зауытын салу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Ал, Жаңа-Кетік ауданын асфальттау бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының теңіз жағалауындағы тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше жоба жасақталуда, - дейді Түпқараған ауданының басшысы.
Бүгінгі таңда Форт-Шевченко қаласынан 48 пәтерлік 1 тұрғын үй және 8 пәтерлік 2 тұрғын үй құрылыстары жүргізілуде. Ал, 16 пәтерлік 1 тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд.теңге несие бөлініп, Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылына ауыз су құбырын тарту бойынша жұмыстар басталған. Сонымен қатар, Таушық ауылындағы 20,7 шақырымдық ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.