Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен партияның Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясы өтті. Конференция жұмысы барысында делегаттар бірауыздан «Nur Otan» партиясы МОФ төрағасы етіп Серікбай Трұмов Өтелгенұлын сайлады. Бауыржан Қыдырғалиұлы аймақ басшысына партия куәлігін табыстады. Жиын кезінде «Nur Otan» партиясы МОФ Саяси кеңесінің құрамына бірнеше өзгерістер енгізіліп, «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Елубай Әбілов Жақайұлы тағайындалды.
- Партия халық пен билік арасындағы дәнекер болуы қажет. Көп жағдайда партия үнсіз қалады да, салдарынан халықта өкпе пайда болады. Сол себепті, халықпен ашық диалог құрып, сын айтылу қажет. Президент Қасым Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, партия қатарын сөзі мен ісіне салғырт қарайтын, уәдесіне тұрмайтын, сауатсыз жандардан тазартып, партия құрамын ел алдында өз сөзін өткізе алатын, еліне адал қызмет етуге даяр жігерлі жас буын өкілдерімен толықтыру қажет, - деді Бауыржан Байбек.
Жиын соңында партия жұмысына белсенді атсалысқандарға Президент Қасым Жомарт Кемелұлы атынан алғыс хаттар табысталды.
Содан соң, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары құрылысы жүріп жатқан онкологиялық диспансердің жұмысымен танысты.