Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қала әкімі азаматтық қоғам және әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті

    159
    25 қаңтар

    Бүгін қала әкімі азаматтық қоғам және әлеуметтік желі белсенділерімен кездесті. Алдымен 2019 жылы әр сала бойынша атқарылған негізгі мәселелерге тоқталып, жыл қорытындысы баяндалды. 
    Мұндай бағыттағы кездесу осыған дейін де өткізіліп, әр жиында сөз болған мәселелер бойынша нақты хаттамалық тапсырма бекітілген еді. Бүгінгі кездесу денсаулық сақтау және ішкі істер органдарының өкілдері, мекеме, ЖПИК басшыларының қатысуымен өткізілді. "Ауған соғысы ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қала тұрғыны Сәтбай Құлсариев қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік нысандардағы жұмыс орындарын қадағалауды, жасөспірім балалардың заң шеңберінде тиым салынған нүктелерде жұмыс жасамауын бақылауды ұсынды.

    Қала тұрғыны Орынбасар Сейдов осыған дейін салынған балалар ойын алаңдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіруді, қаладағы арнаулы білім беретін ұйым түлектерінің жұмыспен қамтылуын қадағалауды, қыс мезгілінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға арналған мұз айдынын салуды, орталық алаңды жарықтандыруды ұсынды. Аталған мәселелерге жауапты қала әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев балалар ойын алаңдарын жөндеуден өткізу және жаңа ойын алаңшаларын салу жоспарға енгізілгенін, ағымдағы жылы орталық алаңды жарықтандыру мақсатында энергия үнемдегіш светодиодтық шамдар орнатылатынын айтты. Сондай-ақ, мұз айдынының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, демеуші жеке компанияларға ұсыныс беріліп жатқандығы айтылды. 
    Қаламыздың белсенді азаматтары тарапынан “2gis” қосымшасына Жаңаөзен қаласының картасын енгізу, төселіп жатқан асфальт жол, суағар жүйелерінің сапасына бақылауды күшейту, "Бостандық" шағын ауданына жаяу жүргіншілер жолын салу, Халыққа қызмет көрсету орталығы маңында автокөлік тұрағын салу, "Бөкен" базары жанында салынған заңсыз құрылыстарды тексеру, санитария нормаларына сай келмейтін сауда нүктелерін анықтау және тиісті шара қолдану сынды әлеуметтік маңызы бар мәселелер қозғалды. 

    Денсаулық сақтау саласы бойынша қаламызға білікті дәрігерлерлі шақыру, оларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар баяндалып, кездесуде сөз болған әрбір мәселе хаттамаға енгізілді.


    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +