Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Қазақ мұнайының 120 жылдығы және «Өзенмұнайгаз» АҚ 55 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті

    316
    30 тамыз

    «Қазына» поэтикалық композициясымен басталған салтанатты жиында қазақ топырағынан мұнай атқылағалы бері еңбек еткен даңқты мұнайшылар, «Өзенмұнайгаз» АҚ құрылуы мен кәсіпорын ретінде дамуына атсалысқан сәулеті келіскен кемел ұжымның еңбек ардагерлерінің есімдері аталды. Алғашқы мерекелік құттықтау сөзі Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбайға берілді.
    Өңірімізде көмірсутекті шикізаттың негізгі көлемін «Маңғыстаумұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы, «Қарақұдықмұнай» ЖШС өндіреді. Бұл, өз кезегінде мемлекеттің қоғам алдындағы міндеттемелерінің жүзеге асуының, аймақ келбетінің ажарлана түсуінің кепілі. Бұл туралы өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбай сөз етіп, мұнайшыларды, сала ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Бірқатар мұнайшыларды Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысының құрмет грамотасымен марапаттады. Кезек музыкалық нөмірге беріліп, қазақтың күміс көмей, жез таңдай әнші қызы Айгүл Қосанова ән шырқап, домбырашылар тобы күйлерден үзінді орындады.
    Маңғыстау облысындағы пайдалы қазбалардың негізгі түріне көмірсутекті шикізат жатады. Қазақстанның минералды шикізатты ресурстарын орналастыруда аймағымыз ерекше орынды иеленеді. Оның шекарасына 23,4% өндірілетін мұнай қоры, 8% табиғи газ шоғырланған. Облыс аумағында 67 мұнай кенорны, 44 газ кенорны, 25 конденсат орналасқан. Қазіргі таңда көмірсутекті шикізатты өндіру бойынша 61 келісімшарт жұмыс жасауда. Аймақта 30 мұнай-газ өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде ірі 7 кәсіпорын өңір бойынша өндірілетін мұнай көлемінің 92%-ын беріп отыр. 
    Келесі құттықтау сөз кезегі «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алик Айдарбаевқа берілді. Ол өз кезегінде мұнай-газ саласының дамуына өз үлесін қосқан мұнайшылар мен сала ардагерлерін мерекемен құттықтап, қол жеткізген жоғары көрсеткіштерді атап өтті. Еңбегі ерен мұнайшыларға мұнай газ секторының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның құрмет грамотасы, ескерткіш белгілері мен мерекелік медалі табысталды. Н. Жантөрин атындағы театр артистері Д.Вердидің «Травиатасын», Л.Хамидидің «Қазақ валсін» орындады. 
    «Өзенмұнайгаз» АҚ соңғы жылдары Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданындағы әлеуметтік жобаларды қаржыландырып келеді. Сондай-ақ, облысымыздың тарихи-жәдігерлік орындарындағы ірі құрылыстар мен атқарылған ауқымды жұмыстарда өзенмұнайгаздықтардың қолтаңбасы бар. 
    Салтанатты жиынның келесі сөз кезегі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай саласын дамыту департамент директорының орынбасары Сәтжан Каримовқа берілді. Ол өз кезегінде мұнай газ саласының қызметкерлерін Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерейтойына орай мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің медалімен, төс белгісімен және Қазақстан мұнайының 120 жылдық медалімен марапаттады.
    Шара соңында 1982-1991 жылдар аралығында «Узеннефть» өндірістік бірлестігінің басшысы болған Махамбет Батырбаевтың қорытынды лебізі тыңдалып, «қара алтын» игеру жолына саналы ғұмырын арнаған бірқатар мұнайшыларға «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ-ның құрмет грамотасы мен мерекелік медаль табысталды. Эстрадамыздың жарық жұлдызы Абай Бегей ән шырқап, жиылған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +