Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Орталық стадионда Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтті

    196
    01 қыркүйек

    Қаламызда қазақ мұнайының 120 жылдығы және мұнайшылар күніне орай Қазақстан Республикасы Жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастыруымен халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі өтті. Халықаралық фестиваль аясында көрермендер 11 кәсіби тартысты жекпе-жектің куәсі болды. Кудо, панкратион, ММА және муай тайдан қазақ спортшылары Өзбекстан, Қызғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және Грузия елдерінен келген мықтылармен күш сынасты.
    ​Қала әкімі Әділбек Дауылбаев пен ҚР ММА, Панкратион және грэпплинг федерациясы президенті, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындық Мекееев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, кеш жүргізушісі төрешілер құрамын таныстырды. Келесі кезек спортшыларға беріліп, бірден жекпе-жек басталып кетті. Шаршы алаңға бірінен-соң бірі шыққан жерлестеріміз жеңісті қолдан бермеді. Бірі бірден техникалық нокаутқа жіберсе, енді бірі көрермендерге тартысты жекпе-жек көрсетті. Жаңаөзендік жастар жауынгерлердің тақымын қысып, қолдап отырды. Отандастарымыз қарсыластарын шаң қаптырып, қазақ спортшыларының бағы жанды.
    Жауынгерлік өнер фестивалі нәтижесінде панкратионнан 57 келі салмақта Нұржан Сағынов, Айәділ Құрбанбаев, 71 келі салмақта Қанат Құлмағамбетов, 68 келі салмақта Мұратбек Қасымбай және 73 келі салмақ нәтижесінде Серікбай Ходжабаев жеңісті қанжығасына байлады. Кудодан 65 келі салмақта жаңаөзендік Нұрсұлтан Бексұлтанов Семей кудо клубының өкілі Мұхамед Тұрарбековты тізе бүктірді. ММА 65 келі салмақта Нұржан Акишев, 70 келі салмақта Рүстем «Тоқпақ» Мұхатов Әзірбайжан елінен келген спортшыларды жеңіп, көрермен қауымға тағы бір мәрте қуаныш сыйлады. Муай тайдан екі жартылай финалдық кездесу өтіп, финалдық кездесуде Атырау қаласы «Қайсар» клубының өкілі Ишан Галиев пен Нұр-Сұлтан қаласының «Төбет топ-тим» клубының өкілі Ерқанат Оспан бақ сынасты. Финал нәтижесінде атыраулық Ишан Галиев муай тайдан өзінің шеберлігін дәлелдеді.
    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен жауынгерлік өнер фестивалі спорт сүйер қауымға есте қаларлықтай кеш сыйлады. Мұндай шаралар жастарға спортқа деген қызығушылықты арттыруды, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттайды.

    Блог акима города
    Ибағаров Мақсат Оңғарбайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Официальный интернет-ресурс акимата Мангистауской области www.mangystau.gov.kz
  • Ақтау қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.cgb.mangystau.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының білім бөлімің ресми сайты www.zhanaozen.edus.kz
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Маңғыстау MEDIA ресми сайты www.mangystaumedia.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • "Қазақстанның даму банкі" АҚ http://www.kdb.kz/
  • "Самрұқ-қазына" ҰӘҚ АҚ www.sk.kz
  • Сайт карталары +