Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Маңғыстаулық спортшылар 1205 медальді еншіледі

    555
    26 желтоқсан

    Маңғыстаулық спортшылар 1205 медальді еншіледі

    Бүгін Ақтауда спортшылардың құрметіне арналған «Рухы биік, арманы асқақ - Мәңгілік Ел!» атты  салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара барысында маңғыстаулық спортшылардың 2018 жылы жеткен жетістіктері мен еткен еңбектері сараланып, үздіктер марапатталды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтып, өңірдің жетістігіне тоқталды. «Жыл басы Индонезиядағы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын медаль еншілеген Дархан Нортаев жүлдесімен басталды. Жақында ғана Маңғыстау боксшылары Конфедерация Кубогын жеңіп алса, дзюдошы Бауыржан Нарбаев өлке тарихында тұңғыш рет ересектер арасында Қазақстан Чемпионы атанды. Жалпы командалық есепте екі спорт түрі бойынша да екінші орынды иелендік. 8 жасар бүлдіршін шахматшы Эдгар Мамедов Қазақстан Чемпионы, Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды.  Биыл жалпы спортшылар үшін аса тартысты жыл болды десек қателеспейміз. Жалпы, спортшылармыз Халықаралық және Республикалық жарыстарда 1205 медаль жеңіп алды» деді.

    Нәтижесінде Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері – 8, Қазақстанның спорт шебері – 64 және спорт шеберлігіне үміткер 469 спортшы дайындалды. 400 спортшымыз ҚР ұлттық құрама командасының сапына енді. Бүгінде облыста 224 мың 757 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданып, бұл жалпы халық санының 33%-ын құрап отыр. Биыл 524 бұқаралық спорттық іс-шара өтсе, олардың 60 республикалық және халықаралық шаралар. Оларға 14 мыңға жуық адам қатысқан. Маңғыстаулық спортшылардың алдағы мақсаты - Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін сарапқа салынатын  сайыстарында жеңіс тұғырынан көріну.

    Сондай-ақ, өңір басшысы Ералы Тоғжанов үздік спортшыларды марапаттады.

    «Олимпиадалық үміт» номинациясымен Байтуреев Еркінбек марапатталады. Еркінбек Оразұлы Каратэ-додан Жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның Республикасының 2 дүркін чемпионы.

    «Спорт саласында үздік аудан»Бейнеу ауданы.

      «Үздік жас спортшы» номинациясымен Жанбуршиева Жансая. Көркем гимнастикаданХалықаралық жарыстың бірнеше дүркін чемпионы.

    «Жыл жетістігі» номинациясымен  Нарбаев Бауыржан.  Бауыржан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, үшінші  дан белбеуінің иегері, Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы,  Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері.

    «Спорт саласында үздік команда»«Маңғыстау бокс құрама командасы  марапатталды. 

      «Үздік жаттықтырушы» Волобуев Сергей.

      «Үздік федерация» Маңғыстау облысының Каратэ-до федерациясы.

    «Ерлер арасында үздік спортшы» Жұбатқан Сұңғат. Сұңғат Дзюдо күресінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Еуропа кубогінің жеңімпазы.

    «Нәтижелі спортшы» Захарова Сабина. Сабина Қазақстанның Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, жазғы Азия ойындарының қатысушысы.

    «Үздік спорт мекемесі» - «Жас батыр» мамандандырылған  балалар мен жасөспірімдер  спорт мектебі

    «Үздік спорт жанашыры» Мұңалбаев Сұңғат.

    «Үздік спортшы жауынгер» номинациясымен Өтепов Құдайберген Жанарханұлы марапатталады. Құдайберген Панкратионнан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы.

    «Үздік спорт тілшісі»Мирлан Венера.

    «Ұлттық спорт үздігі» Жарылғапов Нұрдаулет. Нұрдаулет қазақ күресінен  дүниежүзілік көшпенділер ойындарынан қола жүлдегері,Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы.

    «Әйелдер арасында үздік спортшы» номинациясымен  Тұрдан Ақниет. Дзюдо күресінен ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Азия және Еуропа кубогінің жеңімпазы, үшінші дан белбеуінің иегері. Ұлттық құрама командасының мүшесі.

      «Жыл спортшысы»  Джиу-джитсудан жазғы Азия ойындарының жеңімпазыНортаев Дархан Шерқазыұлы марапатталады. Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +