Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Тұрғындардан пәтери елері кооперативтерінің қызметіне қатысты 410 арыз-шағым келіп түскен

    289
    03 қараша

    Тұрғындардан пәтери елері кооперативтерінің қызметіне қатысты 410 арыз-шағым келіп түскен

    Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті. Жиынға тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы барлық қызмет көрсететін мекеме басшылары, пәтер иелері кооперативтері, құқық қорғау орган басшылары мен мүдделі мемлекеттік орган және кәсіпорындар басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. «Елбасы 5 қазанындағы Жолдауында коммуналдық қызмет пен табиғи монополияларды реттеу салаларында тарифтің жасалуы және тұтынушылардан жиналған қаржының жұмсалуы әлі күнге дейін ашық еместігі туралы айтып, осы салада нақты шешімдер қабылдау туралы тапсырма берді.Расында жеке пәтер иелері кооперативтерінің (КСК) қызметінде мәселе баршылық. Тұтынушылардан жиналған қаражатты пайдалануда ашықтық жоқ. Бүгінде КСК-лар өз қызметкерлеріне жоғары жалақы белгілейді, штатты негізсіз өсіру фактілері бар.Бұл – олардың тарифтерден жиналған қаражатты пайдалануда ашық саясат жүргізбейтіндігін көрсетеді.Халықтан тарифтердің күрт өсуі бойынша көптеген шағымдар келіп түсуде. Бүгінгі жиналыстың басты жақсы аталған мәселенің шешу жолдарын қарастыру деді»,- өңір басшысы. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов облыс бойынша тұрғын-үй қорының ағымдағы жағдайы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы сұрақтары бойынша ҚР бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу заңнамасы жөнінде баяндама жасады.

    Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының тұрғын үй қоры 1 654 көп қабатты тұрғын үйді құрайды. Оның ішінде Ақтау қаласында - 981 үй, Жаңаөзен қаласында -262 үй және аудандарда 411 үй (негізінен 2 қабатты тұрғын үйлер).Облыс бойынша күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін үйлер саны – 290 үй (17,5%), сондай – ақ апатты жағдайдағы үйлер саны – 8 үй (Ақтау Қ. – 6 үй, Жаңаөзен қ. - 2 үй).2011-2018 жылдар аралығында ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында 1622,0 млн.теңге сомасына 40 КПТҮ жөнделген. Облыс бойынша кондоминиум объектісін басқару органдарының жалпы саны 107 ( 52 ПИК, қалған ЖШС, ЖК), оның ішінде Ақтау қаласында – 70 (19 ПИК) және Жаңаөзен қаласында – 31 (27 ПИК, қалған ЖШС), аудандарда – 6 ПИК). Ақтау қаласы бойынша кондоминиум объектілерін күтіп-ұстауға орташа тариф 40-45 теңгені (28-102 теңге) құрайды. Жаңаөзен қаласы бойынша кондоминиум объектілерін күтіп-ұстауға орташа тариф 22 теңгені (18-36 теңге) құрайды.Жандос Салимовтың мәлімдеуінше өңірде кондоминиум объектілерін басқару бойынша бірқатар мәселелер бар. Мәселен, тіркелген кондоминиумдар саны төмен деңгейді көрсетеді. Облыс бойынша 1654 көпқабатты тұрғын үйдің тек 529-ы немесе 32% техникалық паспорттарын тіркеген. Оған себеп, тұрғын үйлердің техникалық паспорттары мен жер учаскелеріне арналған актілердің болмауы. Аталған мәселені естіген аймақ басшысы, құзырлы органдарға қала және аудан әкімдеріне бюджет қаражаты есебінен тіркелмеген көп қабатты тұрғын үйлерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруды және жоғарыда аталған іс-шаралардың орындалуын тапсырды.

    Сондай-ақ, Ақтау қаласы бойынша кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметтері туралыАқтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов сөз сөйледі. Кондоминиум обьектісін басқару органдарының  жалпы саны - шамамен 70 құрайды, оның ішінде: 34 орган ЖШС түрінде,  17 орган ЖК түрінде тіркенген, қалғаны 19 ПИК (пәтер иелері кооперативі - 5),  ПИТК (пәтер иелерінің тұтыну кооперативі – 8), ҚБ (қоғамдық бірлесттік -1), ПИҚБ (пәтер иелерінің қоғамдық бірлестігі – 1), ТҚК – 1 (тұрғын үй құрылыс коперативі).

    Келіп түскен арыз-шағымдардың кейбірі ұжымдық шағымдар екенін және орташа есеппен алғанда 25-40 пәтер иелерінің қолдары қойылғандығын ескерген жөн. Осындай арыз-шағымдар айына екі-үш рет келіп түседі. Бір ай ішінде тұрғын үй инспекциясы бөліміне шамамен 400 шағым келіп түскен. Жиын соңында облыс әкімі бірқатар тапсырма берді.

    Мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасына жаңадан салынған үйлердің техникалық паспорттарын құрылыс салушы есебінен жасақтау, 2018 жылдың 1 желтоқсанына дейін қала және аудан әкімдеріне тіркелмей қалған көп қабатты үйлерді бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тіркеуден өткізуі тиіс. Қала және аудан әкімдеріне көпқабатты үйлердің алдына баттандырып, қолданыстағы балаларға арналған спорттық және ойын алаң шаларын қалпына келтіруді және жаңадан салуды және  оларды кондоминиумны сандарын басқару органдарына беріп, одан әрі күтіп ұстауды қамтамасыз етілуі қажет екенін ескертті. Сондай-ақ, облыстық прокуратураны, қала және аудан әкімдерімен бірлесіп кондоминиумны сандарын басқару органдарының қызметтерінің қолданыстағы Заңға сәйкестігін тексеруді және қадағалауды сұраймын деді.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +