Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Облыс әкімі Е.Тоғжанов жұмыспен қамту бойынша құрылған қоғамдық комиссия мүшелерімен кездесті

    94
    25 ақпан

    Бүгін, облыс әкімі Е.Тоғжанов Жаңаөзен қаласында жұмыс сапарымен келіп, «Ардагерлер үйі» ғимаратында жұмыспен қамту бойынша құрылған қоғамдық комиссия мүшелерімен кездесті. Жиында аймақ басшысы қала тұрғындарын жұмысқа орналастыру басты назарда екенін ерекше атап өтіп, ақпан айының басынан бері кешенді шаралар қолға алынғандығын және соған қатысты атқарылған жұмыстар туралы толық мәлімдеді.

    Біріншіден: Қалада  «Ашық есік күнін» өткізіліп, шараға 2000-нан астам азамат келді. 1137 азаматқа түсінік жұмыстары жүргізіліп, 630 адамның өтініші бойынша нақты жұмыс басталды. Бұдан бөлек, мен 480 адаммен кездесіп, 18 азаматтың көкейде жүрген сұрақтарын тыңдап, 10 тұрғынды жеке қабылдады.

    Екіншіден: «Ашық есік күні» аясында облыс әкімінің ұсынысымен жұмыспен қамту мәселелері бойынша қоғамдық комиссия құрылып, оның құрамына тұрғындардың ұсынуымен 16 адам сайланып мүше болды. 21 ақпан күні аталған комиссия мүшелерімен Маңғыстау облысының әкімдігінде кездесу өтіп, бұл жиынға «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы А.С. Айдарбаев пен мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Комиссия мүшелерінің тарапынан бірқатар мәселелер көтеріліп, соның негізінде кешенді жұмыстар қолға алынды. Қазіргі таңда прокуратура органдарымен "Өзенмұнайгаз" компаниясы адамдарды жұмысқа қабылдау заңдылығы тексеріліп, бір айдың ішінде толық анықталатын болады. Бұдан бөлек қала аумағындағы барлық букмекерлік орталықтар толық жабылады.

    ҮШІНШІДЕН. 23 ақпан күні Жаңаөзен қаласында облысымыздың барлық өндіріс мекемелері мен компаниялары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының қатысуымен«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтіп, оған 1000-нан астам адам қатысты. 101 кәсіпорын тұрғындарға 1061 ваканция ұсынды, оның 546-сы Жаңаөзен қаласында орналасқан. Орташа жалақы 110 мың теңге төңірегінде. Бұдан бөлек, 105 азамат тегін қысқамерзімді оқыту курстарына жазылып, білім саласы бойынша жұмысқа орналасу үшін 38 адам жолдама алды.

    ТӨРТІНШІДЕН. Бүгін төрт жерде тұрғындарды жұмысқа қабылдау басталды.  Алғашқысы – «Ардагерлер үйі» ғимаратынан комиссия  мүшелеріне арнайы бөлме бөлініп, онда жұмысқа орналасуға ниетті азаматтардың тізімі жасақталды.

    Екіншісі – «Өзенинвест» МКК кәсіпорнында 350 жаңа жұмыс орыны құрылып, қазіргі таңда 49 азамат жұмысқа қабылданды.

    Үшінші нүкте – қалалық білім бөлімінің ғимаратында облыс орталығынан келген 23 кәсіпорын өкілдері 324 жұмыс орнын ұсынып, қоғамдық комиссия мүшелерімен бірлесіп тұрғындарды қабылдады. 465 азамат түйіндемесін тапсырып, олардың 84-не келісім берілді. Оның ішінде, 11 адам Ақтауға жұмысқа орналасу үшін жолға шықты («ҚазАзот» 5 адам, «Машинақұрастыру зауыты» 1 адам, «Оңдасын строй» 1 адам, «Ақжол құрылыс» 2 адам, «К7 групп» 1 адам, «СМК-4» ЖШС 1 адам).  Бұдан бөлек, 79 түйіндеме қаралу үстінде.

    Ақтау кәсіпорындарына қызметке жолдама алатын Жаңаөзен қаласының тұрғындарын баспанамен қамту мәселесі шешіліп жатыр. Олар сол кәсіпорындардың жанындағы жатақханаларға орналастырылады.

    Төртінші, кәсіпкерлікті ашу, дамыту мәселелері бойынша Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы және «Нұр капитал» (1% несие беру) жобасы бойынша кеңестер берілді. Бизнесті қолдау және дамыту бағдарламаларына сәйкес  жеке кәсіпкерлер 100-ден астам адамды жұмысқа қабылдауға дайын (Оның ішінде «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша ісін бастаған мекемелер бар). Бүгін 50 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.

    Сөйтіп, бүгін 183 адам жұмысқа орналасты.

    Сонымен қатар, қоғамдық комиссияның мүшелері аула аралау жұмыстарын жалғастыруда. Әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларды қолдау үшін тиісті шаралар атқарылуда. Алғыс айту күні қарсаңында 300 аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтары қайырымдылық шараларымен қамту жоспарланып отыр. Оларға 9 млн теңге көлемінде азық-түлік түрінде көмек көрсетіледі (бір отбасыға 30 мың теңге).

    Ал аса мұқтаж аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 80 пәтермен қамту мәселесі шешілуде.

    Жаңаөзен қаласы тұрғындарының сапалы медициналық көмекке қолжетімдікті арттыру үшін 50 орындық медициналық орталықтың құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.

    Бұдан бөлек, Бостандық шағын ауданындағы және Рахат, Ақсу, Мерей, Жұлдыз ауылдарында дренаждық жүйесінің және нөсерлік кәріз құрылысы басталды. Бұл біраз жылдан бері шешімін таппай жүрген мәселе. Биыл 100 млн теңге бөлінді. Алдағы уақытта 427 млн теңгесін қарастыратын боламыз. Сөйтіп, мәселе толық шешіледі.

    Биыл қалаішілік жолдардың құрылысына және Рахат ауылының кейбір көшелерін асфальттауға алғашқы транш ретінде млн теңге бөлінді. Қалған қаражатты қарастырылуда.

    Жаңаөзен қаласының кешенді даму жоспары негізінде екі жылдың ішінде қаланың дамуына қомақты қаражат бөлу жоспарланып отыр. Жиын соңында қоғамдық комиссия мүшелері сөз алып, бірнеше күннен бері атқарылған жұмыстары бойынша баяндады. Олар жұмысқа өтініш берген барлық азаматтардың үйлерін аралап, нақты жағдаймен танысқандарын жеткізді.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +