Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.
Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.
В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.
Используйте Ваш аккаунт для входа в любой из сети порталов
Если у Вас уже есть аккаунт на одном из предложенных сайтов, Вы можете войти на наш сайт с помощью уже имеющихся логина и пароля без регистрации.
Бүгін, «Нұр Отан» партиясының «Қазақстанның кітапханалары» жобасы аясында «Неке
сарайы» ғимаратында ашылған коворкинг орталығының тұсаукесеріне «Нұр
Отан» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі
Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы, қалалық партия филиалы төрағасының
бірінші орынбасары Худибаев Нұрберген, «Азаматтық бастама» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы Мұқашева Райыс Сәрсенқызы сонымен қатар мәслихат
депутаттары, Партия ардагерлері, БАҚ өкілдері және орталық кітапхана
ұжымы қатысты.
«Қазақстанның кітапханалары» жобасының негізгі
мақсаты – «Рухани жаңғыру» және «Білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қамтумен кеңейту
және әсерін күшейту», кітапханалардың қазіргі заманғы білім
орталықтарына қайта ұйымдастыру, еліміздің ақпараттық-цифрлық әлеуетін
дамыту, жаңаша ойлайтын зияткерлік ортаны қалыптастыру болып табылады.
Елбасы бұл бағытта «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын
жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет»
деген болатын.
Орталықтағы жұмыс процесінде жастар интернет желісін
пайдаланып кездесулерді, семинарларды, түрлі форматтағы іс-шараларды
өткізуге, кеңес алуға, идеялар талқылауға болады. Бұл жоба жастарға
өзін-өзі жетілдіру үшін, үлкен мүмкіндіктер береді.