Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • ҚАЛАМЫЗДЫҢ ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

    47
    28 қараша

    «Жыл үздігі – 2018» қалалық жастар премиясы қарашаның 28 күні қаламыздағы «Алтын Орда» мейрамханасында өтті. Жыл соңында әр саланың озатын анықтайтын дәстүрлі байқауды Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы биыл төртінші мәрте ұйымдастырып отыр. Мерекелік іс-шараға қала әкімі Ә.Дауылбаев, қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай, қала әкімінің орынбасары С.Танаева, ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Бекмағанбетов, қоғамдық кеңес төрағасы М.Ходжабеков, қалалық Ауған соғысы ардагерлер ұйымының төрағасы С.Құлсариев, мекеме басшылары, қала жастары мен БАҚ өкіалдеріқатысты.

    Мерекенің алғы сөзін алған қала әкімі Ә.Дауылбаев «Еліміздің болашағы білімді жастардан басталады. Бүгінде мемлекетімізде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында жастарға барлық жағдай жасалуда. Осының нәтижесінде бәсекеге қабілетті, білімді, білікті ұрпақ өсіп келеді. Бүгін міне, осындай жастардың арасынан суырылып шыққан үздіктерді анықтағалы отырмыз. Баршаңыздың еңбектеріңіз жана берсін, марапаттарыңыз құтты болсын! - деді.

    Құттықтау сөзінен кейін қала әкімі 17 аталым бойынша жыл үздіктері атанған азаматтарға марапаттарын табыстады.

    Сонымен «Жыл үздігі – 2018» қалалық жастар премиясының иегерлерімен таныс болыңыздар:

    «ҮЗДІК ЖАС СПОРТШЫ» - «КЕЗБИ» ЖШС қызметкері, спорт шебері, халықаралық жарыстардың жүлдегері Е.Д. Абдиров

    «ҮЗДІК ЖАС ТӘРБИЕШІ» - №26 «Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі М.А.Дүйсенбаева

    «ҮЗДІК ЖАС МҰНАЙШЫ» - №1 Мұнай газ өндіру басқармасының 4-ші дәрежелі мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы Е.Е.Тағаев

    «ҮЗДІК ЖАС ДАРЫН» - «Өнер» мекемесінде «Аяла» халықтық би ансамбілінің жетекшісі М.Б.Сұлтамұратова

    «ҮЗДІК СТУДЕНТ» - О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің 4-ші курс студенті Б.Т.Бекімбетов

    «ҮЗДІК ЖАС МҰҒАЛІМ» - №11 орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Л.А.НАМ

    «ҮЗДІК ЖАС ДИЗАЙНЕР» - Ә.А.Өтепова

    «ҮЗДІК ЖАС ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРІ» - «Жаңаөзен» телеарнасының қызметкері Қ.Е.Байтөреев

    «ҮЗДІК ЖАС ЖУРНАЛИСТ» - «Жаңаөзен» телеарнасының тілшісі А.М.Махамбетова

    «ҮЗДІК ЖАС КӘСІПКЕР» - Жеке кәсіпкер Ғ.Қ.Айтжанов

    «ҮЗДІК ЖАС КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ» - Жаңаөзен политехникалық колледжінің оқытушысы Б.Ж.Жарылқағанова

    «ҮЗДІК ЖАС ЕРІКТІ» - «Қашаған Күржіманұлы» атындағы №8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Д.М.Мұхайлыев

    «ҮЗДІК ЖАС БАНК ҚЫЗМЕТКЕРІ» - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ директорының орынбасары Н.А.Керешев

    «ҮЗДІК ЖАС ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР» - Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері Д.Оразғалиұлы.

    - Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру – егемен еліміздің саналы да салауатты ұрпағын тәрбиелеу. Бүгінгі кеш жетістіктерге жеткен жас азаматтарды, жастар қоғамдық бірлестіктерін және басқа да ұйымдарды ынталандыру, сондай-ақ жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан жас көшбасшылар мен жастар ұйымдарының жетекшілерін марапаттап, жас мамандардың қоғам алдында беделін көтеру мен абыройын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Барлық жеңіске жеткен өз ісінің шеберлерін құттықтаймын. Өңірдегі жастар саясатын дамытуда бір Тудың астында бірлесе қызмет ете берейік, - дейді Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының директоры Ғ.Құрманғалиев.

    Мерекеде сондай-ақ, қаладағы жастар саясатының дамуына қосқан үлестері бірқатар азамат қала әкімінің арнайы Алғыс хатына ие болды. 


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +