Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Дипломмен –ауылға!» бағдарламасы

    17 мамыр

    Жобаның мақсаты: ауылдық жерлерді қажетті еңбек ресурстарымен - әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік өндірістер мамандарымен қамтып, кадрлық әлеуетті қалыптастыру мәселелерін шешуге жағдай жасау.

      2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылғы 24 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізіледі.

      Қаладан немесе басқа да елді мекендерден ауылдық (селолық) жерге жұмыс істеу және тұру үшін келген (2009 жылдан бастап) келесі салалардағы мамандарға қолдау шараларын ұсыну Заң-мен қарастырылған:

    білім беру,

    денсаулық сақтау,

    әлеуметтік қамсыздандыру,

    мәдениет,

    спорт,

    агроөнеркәсіптік кешен(2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап).

    Сонымен қатар, «Дипломмен – ауылға!» жобасына қатыса алады:

    -  енді ғана диплом алған оқу орындарының түлектері,

    -  2009 жылдан бері селоға жұмыс істеу және тұру үшін келген қызмет өтілі бар мамандар.

    Әлеуметтік қолдау шаралары:

    › 70 АЕК – біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу (2018 жылға -168 350 теңге);

    › 1500 АЕК – тұрғын үй сатып алу үшін оларға кейіннен теңгемен 15 (он бес) жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесі (2018 жылға – 3 607 500 теңге);

      Сонымен бірге, Жаңаөзен қаласына іргелес орналасқан ауылдық елді мекендерде,

    денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы ұйымдарындағы маман өзіне 3 жылдан кем емес еңбегін өтеу міндеттемесін мойнына алады.

      Жобаға қатысуға құжаттар тізімі:

    көтерме жәрдемақы алу үшін:

    1)орнатылған формаға сәйкес өтініш;

    2)жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3)жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі растаған еңбек кітапшасының көшірмесі;

    4)білімі туралы дипломының көшірмесі;

    5)көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;

    6)тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы.

    бюджеттік кредит алу үшін қосымша:

    › тұрғын үй сатып алуға:

    1)сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;

    2)неке туралы куәлік көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін);

    3)аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама.

    › тұрғын үй салуға:

    1)маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;

    2)кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;

    3)кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;

    4)берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.

      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы маманға қайтарылады.

    2018 жылға барлығы 100 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 16 835 000 тенге қаражат бөлініп, төленді. Соның ішінде Тенге ауылы бойынша – 25 маман, Рахат ауылы бойынша – 132 маман, Қызылсай ауылы бойынша – 11 маман. Салалар бойынша: білім беру саласы бойынша – 115 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша – 53 маман.

    Сонымен қатар, 2018 жылға 6 маманға 21 645 000 тенге бюджеттік кредитке қаражат бөлініп, толықтай игерілді. Соның ішінде Тенге ауылы бойынша – 1 маман, Рахат ауылы бойынша – 4 маман, Қызылсай ауылы – 1 маман. Салалар бойынша: білім беру саласы бойынша – 5 маман, денсаулық сақтау саласы бойынша – 1 маман.

    Сұрақтар бойынша «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-не хабарласуға болады.

    Мекен-жай: Сәтбаев – 1 қалалық әкімшілік ғимараты, 209-бөлме

    Тел:48453


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +