Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32
ЖаңаөзенЖаңаөзен қаласы әкімдігінің
ресми интернет-ресурсы
Ірі кәсіпорынды немесе бір
саланы тірек еткен шағын қалалардың
дамуы – өз алдына бөлек мәселе.
Қазақстан Республикасы
Президентінің жолдауынан
  • Басты бет
  • Құрылым
  • Қала
  • Мем қызмет
  • Экономика және бизнес
  • Құжаттар
  • Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

    26 қаңтар

    Мақсаты:Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.

    Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңына сәйкес Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер және олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;

    Аталған заңға сәйкес, адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары болып табылады.

    Заңның 10-3-бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:

     1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;

     2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;

     3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;

     4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;

     5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.

    Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

    23-2-бапқа сәйкес: 

     1. Меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының осы Заңның 10-3-бабында белгіленген іс-шараларды сақтауына тексерулерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жылына кемінде бір рет жүргізеді.

     2. Тексеруді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әзірлеген және бекіткен тексеру парағына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүргізеді.

     Тексеру парағы оларды сақтамау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.

    3. Тексеру тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі. Террористік тұрғыдан осал объектілерге тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары:

     1) тексеру тағайындау туралы актіні;

     2) қызметтік куәлікті;

     3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.

     4. Тексеру жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

     5. Тексеру тағайындау туралы актіні тексерілетін адамға табыс еткен кез тексеру жүргізудің басталған кезі деп саналады.

     6. Тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы ішкі істер органының қызметкері тексеру нәтижелері бойынша екі данада тексеру нәтижелері туралы акт жасайды.

     7. Тексеру нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, тексерілетін адам оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргізу нәтижелері туралы актіге қоса берілуі мүмкін, бұл туралы тиісті белгі жасалады.

     8. Тексерілетін адамның қолындағы түпнұсқадағы құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшаларының көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін тексерілетін адамға не оның уәкілетті өкіліне табыс етіледі.

     9. Тексеру жүргізу кезінде бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

     10. Тексеру тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталған мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына табыс еткен күн тексеру аяқталған күн болып саналады.

    Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «3 наурыздағы» № 191 қаулысына сәйкес адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын

    Талаптар

    1.  Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі – талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.

    2.  Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі – жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 

    65.  1-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

    66.  2-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде күзет сигнализациясы жүйесімен және құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен (бірінші аймақты қоспағанда), хабардар ету жүйесімен және құралдарымен, телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақталады.

    67.  Адамдар көп жиналатын барлық объектілерде белгіленген тәртіппен сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) сертификаттаудан өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген жүйелер мен техникалық құралдар орнатылады.

    Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

    68.  Күзет сигнализациясы жүйелері санкциясыз кіру туралы хабарлауы тиіс.

    69.  Күзет сигнализациясы жүйелері негізгіден резервтікке және кері  электрмен қоректендіру көздерін қайта қосу кезінде жалған дабылдар бермеуі тиіс.

    70.  Күзет сигнализациясы жүйелері оларды басқаруға санкциясыз енуден қорғалады.

    Кіруді бақылау және басқару жүйесіне

    қойылатын талаптар

    71.  Кіруді бақылау және басқару жүйесі объектiлердегi өткізу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыруды қамтамасыз етуi және объектiнi кірудің негiзгi үш аймағына бөлудi көздеуi тиiс:

    1)  бірінші аймақ – персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

    2)  екінші аймақ – кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;

    3)  үшінші аймақ – қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.

    72.  Кіруді бақылау және басқару жүйесі екінші және үшінші аймақтағы кіру шектелген үй-жайларға санкциясыз кіруді болдырмауды қамтамасыз етеді.

    73.  Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.

    Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

    74.  Телевизиялық бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына берудi қамтамасыз етуi тиiс.

    Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.

    75.  Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетiлетiн аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалғабақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендiруге мүмкіндік береді.

    76.  Телевизиялық бейнебақылау жүйесі автоматтандырылған режимдегi жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

    77.  Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектiдегi телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

    1)  объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрi;

    2)  бақылау-өткiзу пункттерi (бар болса);

    3)  тексеріпқарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлiктi тексеріпқарау аймағы (бар болса);

    4)  бас және қосалқы кіру есіктері;

    5)  адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар) жабдықталуы тиіс.

    Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

    1)  адамдар көп жиналатын үй-жайларды (орындарды);

    2)  бас және қосалқы кіру есіктерін (бар болса) жабдықтау қажет.

    78.  Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың  шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.

    Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

    79.  Объектiдегі және оның аумағындағы персонал мен келушілерді төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зiлзала, шабуыл жасау, террористiк акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету үшiн хабардар ету жүйесi құрылады.

    80.  Объектіде мыналарды:

    1)  лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;

    2)  штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;

    3)  эвакуациялау жоспарларын;

    4)  хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.

    81.  Хабардар ету жүйесі мынадай талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:

    1)  ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;

    2)  қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды;

    3)  «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын қамтамасыз етуі тиіс.

    82.  Хабардар ету жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау:

    1)  авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;

    2)  эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;

    3)  эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын  қосумен;

    4)  қосымша эвакуациялық шығу есіктерін (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған)қашықтан ашумен  сүйемелденуі тиіс.

    83.  Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.


    Блог акима города
    Дауылбаев Әділбек Құлынтайұлы Сұрақ-жауап Өмірбаяны
  • Ақтау қаласының әкімдігінің ресми интернет-ресурсы www.aktau.gov.kz
  • Жаңаөзен қала әкімшілігінің ресми сайты www.zhanaozen.gov.kz
  • Маңғыстау облысы мектептерінiң бiлiм беру Электрондық жүйесі www.mektep.edu.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының прокуратурасы www.mng.prokuror.kz
  • Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық соты www.mng.sud.kz
  • Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы www.zhanaozen-hospital.kz
  • Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы www.zhanaozen-bol.kz
  • Маңғыстау Облысы Жаңаөзен қаласы №17 Орта Мектебі www.17.orta-mektep.kz
  • Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы www.zhanaozen-tub.kz
  • «ӨзенМұнайГаз» АҚ ресми сайты www.ozenmunaigas.kz
  • ӨзенМұнайГаз Футбол Клубы www.ozenmunaigaz.kz
  • Жаңаөзен жарнамасы Zhanaozen.kz www.janaozen.kz
  • Киноафиша kino.kz www.kino.kz/zhanaozen
  • Огни Мангистау Қоғамдық-саяси облыстық газеті www.ogni.kz
  • Tumba.kz газетінің сайты http://tumba.kz/
  • Сайт карталары +