Жаңаөзен қалалық Қоғамдық Кеңесінің 2016 жылға жасаған жұмысының ЕСЕБІ

09.01.2017

2015 жылы 2 қарашада шыққан «Қоғамдық кеңестер туралы» заң 2016 жылдан бастап Ұлт жоспары аясында өз күшіне енді. Аталған Заң еліміздің құқықтық базасы үшін жаңалық болып табылады. Осынау Заң тұрғындар алдында есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қоғамдық институттар мен азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі мемле­кеттік саясатты іске асыру құрал­дарының бірі болып табылатын жаңа қоғамдық институт – қоғамдық кеңестер ұғымы енгізді.

Тұрғындар алдындағы есеп беруге міндетті мемлекетті қалыптастыру мақсатындағы бұл заң  аясында қоғамдық кеңес құрудағы басты мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру әрі халық пен билік арасын жақындастыра түсу. Қоғамдық кеңестердің қызметі арқылы қоғам мен мемлекет ара­сында кері байланыс тетігі қалыптастырылып, қоғамдық бақ­ы­лау ұйымдастырылады және мемлекеттік органдар қызметінің мөлдірлігі қамтамасыз етіледі.

Заңнама қоғамдық кеңестерге бюджеттік бағдарламалар жобалары мен олардың орындалуы туралы есептерді, өңірлердің даму бағдарламалары мен мем­лекеттік және салалық бағдар­ламалар, стратегиялық жоспарлар, азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттеріне қатысты нор­мативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау секілді бірқатар өкілеттіктер жүктейді. Осыған орай, қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығы ескеріле отырып, Жаңаөзен қаласында да қоғамдық кеңес құру жұмысы ұйымдастырылды. Қалалық кеңес құрамына ұсынылғандар қалалық мәслихат сессиясында  бекітіліп, 13 адам мүшелікке қабылданды. Олардың қатарына  білім және денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен мамандары, мұнай, баспасөз саласы қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер мен «Нұр Отан» партиясының мамандары алынды.

Қоғамдық Кеңеске қалалық «Ардагерлер» үйі ғимаратынан арнайы 2 бөлме бөлініп, құрал-жабдықтармен қамтылды. Қабылдау күндері бекітіліп, жұмыс жоспары жасақталды.

Бір жылғы жұмыстың нәтижесінде қоғамдық кеңес 20 рет отырыс өткізіп, аталған отырыстарда 47 мәселе күн тәртібіне қойылып, талқыға салынды. Олардың ішінде атап өтерлігі, 2016 жылдың ақпанның екісі күні Жаңаөзен қаласының әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алда тұрған міндеттері туралы есебі тыңдалды. Сонымен бірге, маусым айының екісі күні жер реформасына қатысты өзекті мәлелерді талқылау, оларды саралау және түсіндірме беру мақсатында кеңейтілген отырыс өткізілді. Желтоқсан айының тоғызында қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбайдың 2016 жылдағы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру жұмыстары жөнінде және кейбір мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының  есептері тыңдалды. Отырыстарда қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қаланың көп қабатты үйлерінің шатырларын тиімді пайдалану, қала кіреберісіндегі стелланың бүлінбеуі,тазалық, көгалдандыру  және тәртіп мәселелері бойынша да  пікір-ұсыныс  беріліп отырды.

Жаңаөзен қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері бекітілген кесте бойынша қала тұрғындарын қабылдап, олардың көтерген мәселерін шешуге атсалысты. Шаралар бойынша жергілікті «Жаңаөзен» газетінде материалдар жарияланып, қала әкімдігінің асйтында «Қоғамдық Кеңес» айдарымен терезе ашылды.

Қалалық қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері қаланың барлық тыныс-тіршілігіне араласып, күнделікті жұмыс барысында орын алған мәселелерге араласып, маңызды іс-шаралардың басы-қасында жүрді.

Қала көлемінде өткізілген түрлі қайырымдылық іс – шараларға, атап айтқанда «Мектепке жол»,  8 наурыз аналар күні жалғызбасты аналар мен мүжәлсіз отбасы балаларына жаңа жылдық мерекелік құттықтаулар ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты. Қоғамдық кеңес төрағасы қаладағы жастар мен жасөспірімдер арасында дін, нашақорлықтың адам ағзасына зияндылығы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша жалпы білім беретін орта мектептер мен арнаулы оқу орындарында болып, оқушылармен өзекті мәселе бойынша арнайы құрылған топ құрамында әңгімелесулер өткізуге қатысты.

Жалпы Қоғамдық Кеңестердің жұмысын жандандыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, елді-мекендердегі, ауыл-аймақтағы тұрақтылық пен ауызбірлікті сақтау, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қолжетімділік, тұрғындардың билікке деген сенімін қалыптастыру, олардың арыз-шағымдарына сергектікпен қарау, елдегі әлеуметтік толып жатқан мәселелерді шешу, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау секілді толып жатқан мәселелерді шешуде осынау қоғамдық ұйымның белсенділігін арттыру көзделген. Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңесінің алдағы жылғы жұмыс жоспарын жасақтауда осы мәселелерге көбірек көңіл бөлініп, қала дамуына және қаладағы негізгі мәселелерді шешуде белсенділік танытуды мақсат етіп отырмыз. Сондай –ақ, кеңес мүшелерінің құрамын қайта қарап, қаладағы түйткілді мәселелерді жете білетін, өзінің азаматтық позициясы қалыптасқан, белсенді қала тұрғындарымен  толықтыруды жоспарлаудамыз.

    Мен өмірден көрген-түйгені көп ардагер ретінде, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық белесінен өтуде еліміз бойынша қоғамдық кеңестердің құрылып, жұмыс жасауы – орынды істің бірі деп есептеймін. Еліміз үшін ең басты асыл қасиет - ел бірлігі. Бес саусақ бірдей емес дегендей, ел болғасын әртүрлі жағдайлар болады. Осылардың дұрыс шешімін табу үшін Қоғамдық Кеңес мүшелерінің, босбелбеулікке бой алдырмай тиянақты жұмыс жасаса, жергілікті әкімдіктің жұмысына және ең бастысы елдің тыныштығына, экономикалық әл-ауқатына, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға зор үлес қосады.

  Қоғамдық кеңестің бір жылдық жұмысы – шығарылған заң бойынша басым бағыттарға мән бере қызмет етіп, міндеттер үдесінен шығу болса,  екінші жағынан үйрену, тәжірибе жинау жылы болды деп айтуға болады. Сондықтан, осы жылғы кезең бел шешіп еңбек етіп, елдік мәселелерді шешуде белсенділік танытатын уақыт екендігін баса айтқым келеді

Жаңаөзен қалалық қоғамдық кеңес төрағасы  М.Ходжабеков

Ақпараттық ресурстар